ЖАҢАЛЫҚТАР

30 Мамыр, 2023

2023 жылғы 30 мамырда облыс орталығында, «Қостанай» халықаралық әуежайының аумағында терроризмге қарсы жаттығулар өткізілді.

30 Мамыр, 2023

Адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) таралу кеңістігі жыл сайын өсіп барады. Елімізде 2022 жылы аталған кеселді жұқтырған 31 мыңнан астам адам тіркелген. 2019 жылы Қостанай облысы инфекцияның таралуы жөнінен бірінші орынға шықса, қазіргі уақытта төртінші орында тұр.

30 Мамыр, 2023

Қостанайда Ерсайын Нарымбаев деген сазгер тұрады. Кезінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың бірнеше туындысына керемет әндер жазған. Сол уақыттағы тыңдарман қауым радионың қоңыр үні арқылы «Жанарсыз адам келеді», «Алдыңнан терезеңнің жүріп өттім», «Бір-ақ күн еді» әндерін ерекше әсермен тыңдай отырып, қосыла шырқаған болар.

30 Мамыр, 2023

Бүгінде азаматтар арасында тұрғын үй, жер қатынастары, сот ісін жүргізу, алименттерді өндіріп алу, жеке кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілер қою және денсаулық сақтау салалары бойынша шешілмей жатқан түйткілдер өте көп. Дағдарған ел кейде осы мәселелердің жауабын кімнен аларын білмей дал болып жатады. Осының шешімі ретінде республика бойынша «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға біздің өңірімізден жүзге жуық адам […]

30 Мамыр, 2023

Лисаков қаласында бұқаралық спортты дамытуға жақсы көңіл бөлініп отыр. Дегенмен, мұнда ашылған спорт кешендерінің барлығы дерлік жекеменшік кәсіпорындардың қарамағында. Қала халқы дене шынықтыру ошақтарының тегін әрі қолжетімді болғанын қалайды. Алдағы уақытта тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануына жол ашатын заманауи спорт кешені салынбақ.

30 Мамыр, 2023

«Шаруа қожалықтары өздеріне бөлінген жерді мақсатына сай пайдаланбай отыр. Өзеннің жағасына қора салып, ішер суымызды ластап болды». Қызбел ауылының ақсақалдары осылай деп дабыл қақты.

Тобыл – Торғай Тынысы

30 Мамыр, 2023

Лисаков қаласында бұқаралық спортты дамытуға жақсы көңіл бөлініп отыр. Дегенмен, мұнда ашылған спорт кешендерінің барлығы дерлік жекеменшік кәсіпорындардың қарамағында. Қала халқы дене шынықтыру ошақтарының тегін әрі қолжетімді болғанын қалайды. Алдағы уақытта тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануына жол ашатын заманауи спорт кешені салынбақ.

16 Мамыр, 2023

Жанкелдин ауданы Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің би бөлімі жылды қорытындылап «Bile-Bile» атты  есеп  беру концертін берді. Мың бұралған биші  қыздарымыздың  өнерін  тамашалауға  келген  өнер сүйер қауым көрермендер залына лық толды.

15 Мамыр, 2023

Аманкелді аудандағы Ақтұрсын Омарұлы атындағы балалар мен ересектерге арналған жабық бассейн мен спорттық-сауықтыру кешенінде жарыс өткізілді. Жарыс 2008-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында суда жүзуден Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Фариза Балғатайқызының жүлдесіне арналған.

11 Мамыр, 2023

Бейімбет Майлин ауданында 6 мың тонналық картоп-көкөніс қоймасының құрылыс жұмысы басталды. «GreenTerra» ЖШС қолға алған ірі жобаның жалпы құны 1,2 млрд теңге. Кешен ғимараты Германия мен Нидерланды технологиясымен жабдықталады. Өнімнің бірқалыпты сақталуы үшін желдеткіш орнатылып, климат-бақылау жасалмақ. Қоймаға 135 га аумақтың картобы сыйып кетеді. Құрылыс жұмыстары жаздың соңында аяқталады деп күтілуде. Серіктестіктің әлі де жүзеге […]

11 Мамыр, 2023

Өндіріс өркендеп келеді Облыста. Жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 610 млрд теңгеден астам сомаға өнім шығарған. Ең үлкен үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Сондай-ақ, тау-кен саласында да елеулі табыс бар. Жалпы, өңірге шамамен 486,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелеріне, оның экономикалық ықпалына баса мән беріліп отыр.   Станция құрылысы басталды Арқалық. Қалада […]

Жаңалықтарды бізге WhatsApp-та хабарлаңыз
8 771 213 72 02

РУХАНИЯТ

30 Мамыр, 2023
26 Мамыр, 2023
Мамыр (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
Pin Up pinup-az.com-də qeydiyyatdan keçin və 300 pulsuz spin bonusu əldə edin