Октябрь кентінде ФАП салынды

Октябрь кентінде ФАП салынды

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Лисаков қаласына болды. Онда өңір басшысы Октябрь кентінде замануи үлгіде салынған дәрігерлік амбулаторияны көріп, моно шаһардағы тағы да бірқатар нысандарды аралады.

blank blank blank blank

Атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға көңілі толды. Алдағы екі жылда Қостанай облысында фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаторияларды қоса алғанда, 25 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы жоспарланған.

blank blank blank blank

Төрт нысанның құрылысы аяқталды, тағы екеуі аяқталуға жақын. Жалпы құны 559,1 миллион теңге болатын жаңа ФАП-тың бірі жақын арада Лисаков қаласының Октябрьский кентінде ашылады.

blankblank

– Ауыл тұрғындарының денсаулық саласындағы әлеуетін арттыру біздің назарымызда. Аталмыш ауылдарда жоқ дегенде осындай алғашқы медициналық көмек пен бас ауырып балтыры сыздаған кезде қалаға сабылмайтындай өз ауылда қаралуға мүмкіндіктері болуы керек. Тиісті қаражаттар бөлінуде, ендігі кезекте сіздердің жұмыстарыңыз сапалы болуы шарт. Сонымен қатар амбулаториялық орталыққа жұмыс істеуге келетін дәрігерлерді баспанамен қамту да өз шешімін табады, – дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Лисаков қалалық ауруханасының бас дәрігері Қарлығаш Аленованың айтуынша, Октябрь ауылында заман талабына сай жасақталған дәрігерлік пунк ашылу жоспарланып отыр. Ең бірінші кезекте бұл ауыл тұрғындарына өте қолайлы болмақ. Тіс дәрігерінен бастап, акушер маманға дейін дәрігерлік құрам жасақталған. Барлық жабықтар жаңа және заманауи техникалармен қамтылған.blank blank blankЛисаковқа жұмыс сапары барысында облыс әкімі Құмар Ақсақалов қаланы абаттандыру барысымен танысты. Қалада ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізілуде: асфальт жабыны жаңартылып, жаңа тротуарлар салынуда. Жалпы құны 180,6 миллион теңге болатын бұл жұмыстарды қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Барлық жұмыстарды жаздың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

– Қазіргі уақытта қаладағы құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Біз тратуарлар мен асфальт жабының жаңартуға жалпы есепте 180 млн теңгеден аса қаржы құйдық. Және тиімді игеріліп жатыр деуге толық негіз бар, – дейді Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраев.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов

Лисаков еліміздегі ең әдемі қалалардың бірі деуге болады. Қаладағы иүфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жұмыстар да өз нәтижесін беріп келеді. Оның барлығы қала тұрғындарының жағдайын жақсартуға бағытталған. Сондықтан атқарылып жатырған құрылыс жұмыстарының маңызы зор.

blankblank blank blank blank blank blank blank blankСондай-ақ, 2023 жылдың тамызында ашылған «Алые парус» балалар лагеріне барды. Лагерь құрылысының құны 307 миллион теңгені құрады, оның 210 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді, ал қалған қаражат басқа көздерден тартылды.
Демалыс орыны 5 маусым аралығында ашлд. Жыл сайын алты жүзге жуық баланың демалтып, сауықтыруға қауқарлы.

blank

–Балалардың жазғы уақыттарын тиімді өткізу аса маңызды. Біздің мақсатымыз облыс бойынша мектеп оқушыларын көптеп осындай демалыс орындарына орналастыру. Қазіргі уақытта … % бала жазғы лагерде дем алады. Алдағы уақытта осы көрсеткішті арттырып, балалардың демалуына қолайлы жағдай жасау керек, – деді Құмар Ақсақалов.

blank blank

Айта кету керек, бұл жобаларды іске асыру қаланың инвестициялық тартымдылығын арттырады, жаңа жұмыс орындарын ашады және нәтижесінде халықтың өмір сүру сапасын жақсартады.
Жалпы, облыс басшысы атап өткендей, кәсіпкерлік субъектілерін дамытуды ынталандыру мақсатында Лисаков қаласының әкімдігі кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктер жасауға бағытталған шаралар кешенін жүргізуде.

blank blank blank blank blank blank blank

Лисаков тұрғындарымен кездесуде жолдарды жөндеу, аумақтарды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, газдандыру, нөсер кәрізі, қоғамдық көлік және қала өмірінің басқа да аспектілеріне қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттерді түсірген Б.Көркембаев

Лисаков қаласы