Өңірде жастар мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Өңірде жастар мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Облыста «Қостанай жастары» өңірлік бағдарламасы аясында баспана алуға 85 адамның өтініші мақұлданған. Олардың 53-і өз үйлерін сатып алса, 32-сі қолайлы баспана іздеуде. Қалған қатысушылар төлем қабілеттілігін бағалаудан өтеді. Бұл туралы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында «Отбасы Банк» АҚ директорының орынбасары Абылай Жулаев мәлімдеді. 

 

Отырысқа жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшелері, жастар ісі жөніндегі комиттердің төрағалары және әлеуметтік мәселелер бойынша қалалар мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, жастар ресурстық орталықтарының директорлары онлайн қатысты.

Кеңесте «Қостанай жастары» тұрғын үй бағдарламасының іске асырылуы мен жастарды жұмыспен қамту шараларына тарту мәселелері қаралды. Сондай-ақ, жастар ортасында лудоманияның алдын алу шарасы да қарастырылды.

Бүгінде еліміз бойынша Отбасы Банкте 2,7 млн салымшы баспана алу үшін ақша жинақтауда.

Олардың орташа жасы 35 жаста болуы маңызды. Жастарға арналған «Қостанай жастары» бағдарламасы өңірдегі қажетті мамандарды ұстап қалуға және қолдауға септігін тигізбек.

«Биыл Қостанай облысы әкімдігі мен Отбасы Банкі арасында «Қостанай жастары» өңірлік бағдарламасын іске қосу туралы келісім болды. Бағдарлама пилотының табысты іске асырылуын ескере отырып, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бағдарлама бюджеті 3 есеге ұлғайтылып, 2,1 млрд теңгені құрады, оның 1 млрд 50 млн теңгесін Қостанай облысының әкімдігі және 1 млрд 50 млн теңгесін Отбасы Банкі бөлді. Бұл бюджет шамамен 140 жеңілдетілген қарыз беруге есептелген. Бағдарламаның әкімшісі Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы. Қарыз беру шарттары өзгерген жоқ. Балдық жүйе бойынша біліктілік іріктеуді бағдарлама әкімшісі жүргізді. Бағдарламаға Облыстың 34 жасқа дейінгі қалалары мен аудандарының барлық тұрғындары қызмет саласы мен жұмыс орнына қарамастан қатыса алады. Негізгі және резервтік тізім құрылды», – деді Абылай Жулаев.

Елімізде жастарды жұмысқа орналастыру үшін «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Жастар практикасы» жобалары іске асырылуда. Халықты жұмыспен қамту бойынша қабылданатын шаралар нәтижесінде 2023 жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша жастар жұмыссыздығының деңгейі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9% – дан 2,7% – ға дейін төмендеген.  Жастарды жұмыспен қамту бойынша жұмыс жалғасуда.

«Бірінші жұмыс орны» жобасы жұмыс тәжірибесі жоқ жастарды жұмысқа орналастыруға арналған. Жобаға қатысу мерзімі 18 ай, еңбекақы мөлшері – 30 АЕК (2023ж. – 103500 теңге). Диплом алғаннан кейін 3 жыл ішінде оқу орындарының түлектері «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатыса алады. Қатысушының еңбекақы мөлшері де кемінде 30 АЕК құрайды. Бұл ретте, жұмыс беруші 6 ай өткеннен кейін зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді кейіннен ауыстыру шартымен жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастырады. Сондай-ақ, өткен 5 жыл ішінде оқуын аяқтаған түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесін шешудің бір жолы – «Жастар практикасы» жобасы. Жастар практикасына қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері-кемінде 30 АЕК, жастар практикасынан өту мерзімі – 12 айдан аспайды. Жоба жұмыспен қамтамасыз етуге, алған мамандығы бойынша жеткілікті жұмыс тәжірибесі жоқ оқу орындарының түлектеріне кәсіптік дағдыларды сіңіруге, түлектерді жұмысқа қабылдауға жұмыс берушілерді қызықтыруға бағытталған. Бұл шара жұмыс берушіге болашақ қызметкердің еңбек дағдыларын бағалауға, ал жас қызметкерге осы немесе басқа кәсіпорында жұмысқа орналасу үшін алынған мүмкіндікті пайдалануға мүмкіндік береді. Студенттер мен жоғары сынып оқушылары оқудан бос уақытында қоғамдық жұмыстарға қатыса алады. Еңбекақы мөлшерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді, бірақ кемінде 20 АЕК. Біздің облыста қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері шамамен 103 мың теңгені құрайды (қолына шамамен 82 мың теңге), – дейді Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Қостанай облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы” КММ директоры Надежда Костенюк.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытуды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға қолдау көрсетіледі.

Халықтың әлеуметтік осал топтары арасынан жастарға 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға өтеусіз гранттар алу мүмкіндігі беріледі.

Осы жылы 62 адам мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды және басқаларын сатып алуға грант алды.

Биыл жас кәсіпкерлерге бизнесті дамытуда қолдау көрсету мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) – “Аграрлық кредиттік корпорация” АҚ арқылы жылдық 2,5% – бен 5 млн теңгеге дейін жеңілдікті кредиттер беру көзделген.

Микрокредит беру мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласында –7 жылға дейін.

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредиттеу мерзімінің кемінде 1/3 бөлігін құрайды.

Жұмыспен қамтуды қолдау шараларын алу үшін әр ауданда және қалада жұмыс істейтін бұрынғы жұмыспен қамту орталықтарына немесе облыстық еңбек ұтқырлығы орталығына жүгіну қажет.

Сонымен қатар талап етілмеген кәсібі бар не кәсібі жоқ жұмыссыз азаматтар үшін тегін қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру көзделген. Оқу мерзімі-6 айға дейін. 2023 жылдың 10 айында облыстың жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін– 31523 адам жүгінді, оның 12735-ы немесе 40,4%-ы жастар. Жұмыс іздеп келген жастардың 51,8% – ы ауылдық жерлердің тұрғындары. Бізге жеткен мәліметтерге орай жұмыспен қамтуға – 12129 жастарға жәрдем көрсетілді. Жұмыс орындарына – 192 адам, жастар практикасына – 648 адам, ағымдағы бос жұмыс орындарына – 7678 адам жұмысқа орналастырылды. Кәсіптік оқытуға – 737 адам, “Бастау бизнес” жобасымен оқытуға – 1148 адам, бірінші жұмыс орнына –270 адам, Ұрпақтар келісімшарты бойынша – 31 адам жіберілсе, 240 адам гранттар мен несиелерге ие болды. Қоғамдық жұмыстарға 1005 адам қатысты. 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыссыз ретінде 2383 есепте тұрғанында айта кету керек, оның 1430-і белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысып жүр.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері жастарды қаржылық сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру мәселесін пысықтау туралы шешім қабылдады. Мемлекеттік органдар ЖОО-мен бірлесіп «Серпін» студенттерін жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты бастайды. Жыл соңына дейін мемлекеттік органдар ұйымдасқан жастармен жұмыс істеу тетігін әзірлейтін болады. Жастар арасында лудоманияның алдын алу бойынша жұмыс тобы құрылады. Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламалары және гранаталық стартап және әлеуметтік жобалар туралы кеңірек ақпараттық жұмыс жүргізілетін болады.

 

Әсел ҚИБАШ

Жаңалықтармен бөлісу