Облыс әкімінің құттықтауы

Облыс әкімінің құттықтауы

Құрметті қостанайлықтар!
9 мамыр баршамыз үшін ерекше күн. Бұл күн – аза тұтып, зұлмат жылдардың зардабын еске алатын кез. Соғыстың салқыны тимеген отбасы жоқ шығар. Әр шаңырақ қасірет тартқан заман ардақты ардагерлеріміздің батырлығымен артта қалды. Халқымыздың рухы мен ауызбіршілігінің арқасында еліміз бейбіт өмірге қадам басып, өркендеп келеді.
Құрметті ардагерлер! Жаугершілік замандағы ерліктеріңіз бен бейбіт кезеңдегі ерен еңбектеріңіз үшін, даналықтарыңыз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін сіздерге мың тағзым! Майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне, соғыс балаларына айтар алғысымыз көп! Басымыздан бақ, шаңырағымыздан шаттық кетпесін!

Жаңалықтармен бөлісу