«Тобыл» футбол клубының басшысы Әлімжан Қалдияров бас бапкердің ұжыммен келісім-шарты аяқталғаны туралы ресми парақшасында жазба қалдырды.
«Тобылдың тарихи жетістіктері үшін бәрін берді, біз бәріміз ол үшін бірге қуандық. Өкінішке қарай, Миличпен келісім-шартымыз аяқталды. Мен оған тек жарқын болашақ тілегім келеді», – деді Әлімжан Қалдияров.
Милич Чурчич «Тобыл» футбол клубымен Еуро Конференция Лигасының плей офф кезеңінде өнер көрсетті, Қазақстан кубогын иеленді.