Еліміз бойынша Астана күні мереке болып саналатыны анық. Яғни әр жыл сайын шілде айының 6-сы атаулы мереке ретінде өтеді. Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары — Астана қаласы күні атап өту елеулі іс-шара.
Осыған орай, Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында 6 шілде, сағат 17:00-де «Жастар сарайы» алаңында мерекелік концерт өтеді.
Мақсаты – Қазақстан қоғамының тарихи санасын, қазақстандық патриотизмді және ұлттық-рухани бірлікті дамыту, тәуелсіз Қазақстанның рухани және мәдени өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.
Концерттік бағдарламада өнер көрсететіндер:
Б. Тойшан, А.Чиркова, Ж. Хамзина, Ж. Жұмахан, А. Мұсапірова, М. Тілеуқаблов, Г. Кемелбаев, Ә. Назарханова, Д. Намиялы, П. Латышев, А. Туткушева, Н. Жақсан, Р. Пономарева, «DosStar» тобы.
Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы барша қостанайлықтар мен қаламыздың қонақтарын Астана күніне арналған мерекелік концертке шақырады.