Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төленетін төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын пысықталды.
«Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу мақсатында әзірленді», – деп еске салды Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Мәди Тақиев.
Заң жобасының негізгі мақсаты – жас ұрпақтың тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе Қазақстан Республикасының азаматтары кәмелетке жасына толған кезде жинақталған қаражат есебінен білім алу мүмкіндік жасау.