“Қостанай таңы” газетінің “Көрген көзде жазық жоқ” айдары – қоғамдағы өзекті мәселелерді, қала мен ауылдағы көпшіліктің көкейінде жүрген түйткілдерді көтеретін, қоғамдық орындардағы қазақ тіліндегі қателіктерді әшкерелейтін, олардың шешілуіне себепші болуды көздейтін жоба.
Сіздің ой білдіріп, үн қосқаныңыз біз үшін өте маңызды. Бізбен пікір-көзқарасыңызды бөлісіңіз. Әділдік пен шындықты бірге іздейік.
Күнделікті өмірде сізді не мазалайды? Қоғамдағы келеңсіздіктер мен кемшіліктер, билік өкілдеріне айтар ұсыныс-пікір, халықтың жай-күйі – барлығы осы айдарда көрініс табады!
Көзіңізге шалынған, көкейіңізді мазалаған түйткілді жасырып қалмаңыз, “Көрген көзде жазық жоқ” айдарына жүгініңіз!
Толығырақ – kostanaytany.kz сайтында!