Кеше, Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі матчын “Тобыл” сырт алаңда словакияның “Ружомберок” командасымен өткізіп, 5:2 есебімен ұтылды. Осы ойын жайлы пікірін қостанайлық клубтың жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков айтқан болатын. Бұл туралы Aladop.kz хабарлайды.
“Қолымыздан ненің келмегенін айту қиын. Осындай ойынды күткен едік, тек стандартты жағдайларына дайын болмадық. Қателіктерімізге талдау жүргізіп, келесі ойында мұндай олқылықтарды жібермейміз, алайда, сіздердің командаларыңыз өте мықты екен, бізге өте қиын болды. Бізде жалғыз ғана міндет – келесі матчқа дайындалу. Үміт әрқашан бар. Есе қайтарамыз деген үмітіміз болған, әлі де бола бермек”, – деді Ислам Чесноков.
Айта кетейік, “Тобылдан” бөлек, кеше “Ақтөбе” өз алаңында боснияның “Сараевосын” қабылдап, жеңіліс тапты (0:1). Ал сәрсенбіде Шымкентте “Ордабасы” молдованың “Петрокуб” командасымен жолығып, 0:0 есебімен тең тарқасты.