“ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ өкілдері Қостанайдағы өндірістік филиалының атынан тұрғын үйлердің кіреберістерінде орналастырылған жоспарлы техникалық тексеру жүргізілетіні туралы хабарландырулардың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.
«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. “Газ және газбен жабдықтау туралы” ҚР Заңының талаптарына сәйкес газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет бәсекелестік ортаға жатқызылған және оны тәуелсіз мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған. Осылайша, “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ мұндай қызмет көрсетпейді», – делінген хаттамада.
Осы жерде ескерте кететін жағдай, газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсететін ұжымды тұтынушылар өзі таңдайды. Компания өкілдері алаяқтық жағдайларды болдырмау үшін қызмет көрсетер алдында тәуелсіз компания қызметкерінің куәлігімен танысу керектігін ескертеді.