Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында өзекті мәселелер көтерілді. Мәселелердің ішінде ең маңыздысы, ауылшаруашалық, агроөнеркәсіпті дамыту және су ресурстарын қорғау мәселесі.
Аталған мәселелер бірнеше жыл айтылып келе жатыр. Мысалы, ауыл шаруашылығында екі есе еңбек өңімділікті көтерудің жолы әртүрлі. Қаржы жетіспеушілігінен бізде техника паркін жаңарту қарқынды түрде дамымайды деп келдік. Оның басты себебі, бізде өнім бітігін қалпына келтіретін еңбекті ұйымдастыру жұмыстары дұрыс деңгейде емес. Сондықтан оларды ары қарай ұлғайту үшін бізге осы салаға инвестиция тартуымыз керек.
Президенттің айтуынша, жаңа технологияларды енгізу, жер, су ресурстарын үнемді қолданбау өзекті мәселе туындатып отыр. Былтыр ғана Жамбыл облысында су жетіспеушілігінен шаруа қожалықтары мен агроөнеркәсіптік мекемелер біраз тапшылық көрген. Ал солтүстік Қазақстанда дәл қазір осы мәселе болмаса да алдағы жылдары болуы мүмкін.
Бірнеше болжам бойынша осы жылы құрғақшылық болуы ықтимал. Суды үнемдеу үшін жаңа технологиялар бізде болуы керек. Сол үшін біздің университет ұжымы, ғалымдар осымен айналысып жүр. Министірлік қолдауымен былтырдан бастап біз жаңа жобамызды бастадық. Су ресурстарына мониторинг жасау. Жүйені экологиялық бақылауға алу маңызды. Бізде ең ірі Қаратомар және жоғары Тобыл су қоймалары бар. Осы су қоймаларды дұрыстап зерттесек, ондағы су көлемі қандай екенін, жаңа заманауи әдіс арқылы, бәрін өлшеп, жүйені зерттеп шығарсақ, бізде жаңашылдық пайда болады.
Алмабек НҰҒМАНОВ,
А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің Ауылшаруашылығы ғылымдары факультетінің деканы.