Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды іске асыру мәселелері жөнінде кеңесте әлеуметтік блок мәселелеріне тоқталған Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов ең алдымен МӘМС жүйесін реформалау қажеттігіне назар аударды.
«МӘМС жүйесі елеулі қайта форматтауды қажет етеді деп санаймын. Қаражатты тиімсіз жұмсау мен артық жалған тіркеулер бола тұра оны қаржыландыруды ұлғайтуға жол берілмейді. Сала толық цифрландыру мен ашықтықты талап етеді», — деді Премьер-Министр.