ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен Қостанайдағы медицина мамандарының кездесуінде медициналық көмектің сапасыз көрсеткіші сөз болды. Сызықтық шкаланы алып тастау мәселесі қозғалды. Ведомство басшысы оны айыппұлсыз жасай алмайтындығын түсіндірді.
– Бұл медициналық мекемелер үшін шекті деңгей, олар көрсетілген қызметтер үшін ақы ала алмайды. Тиісінше, айдың соңында ауруханалар кейде пациенттерді тегін емдейді, өйткені олардың шегі таусылды,– деді министр.
Әзірге сызықтық шкаланың алып тастау мүмкін емес. Себебі, бөлінген бюджет шектеулі және шкаласыз 7-8 айда кетеді. Әрі қарай емдей берген жағдайда адам өліміне жиі жол берілуі мүмкін.
– Цифрландыруды аяқтап, ауруханалардың барлық шығындарын іштен көргенде, сызықтық шкаланы алып тастай аламыз, – деп сендірді министр.
Әсел ҚИБАШ