Бүгін, Отан қорғаушылар күніне орай, Қостанай ауданының әкімі Берік Таңжарықов әскери бөлімге арнайы барып, сарбаздарды құттықтады.
Тұрғын үй құрылысы бәсеңдемейді
Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында облыста барлығы 117,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 3,3% -ке артық. Тұрғын үйдің 27,6% — і халықтың қаражаты есебінен салынған.
Жітіқарада енді инватакси жүреді
Бұл қызмет түрі «100 қайырымды іс» кең ауқымды акциясы аясында Жітіқарадағы «Мүгедектер достастығы» қоғамдық бірлестігі мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ облыстық филиалының қолдауымен жүзеге асып отыр.
Жанкелдин ауданының Тәуіш ауылында құрылыс жұмыстары басталды
Су тасқынынан зардап шеккен Жанкелдин ауданының тұрғындары үшін 41 үй бой көтергелі жатыр. Оның 22-сі Тәуіш ауылына, 19-ы Көлқамыс елді мекеніне салынбақ.
Мамандар Торғайдағы жолды қайта қалпына келтірді
Су тасқынынан болған күтпеген табиғи апат жергілікті тұрғындар үшін автомобиль жолдарының қолжетімділігі мен қауіпсіздігінің маңыздылығын тағы да көрсетті.
Арқалықта су тасқынынан зардап шеккен қарт анаға баспана берілді
Су тасқынынан зардап шеккен Екідің ауылының тұрғыны Назым Рақымбекке Арқалық қаласынан үш бөлмелі жайлы пәтер сатып әперілді.
Тасқыннан зардап шеккен ауылдықтарға Қостанайдан баспана беріледі
Қостанай ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға облыс орталығындағы «Керемет» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтерлерге кіреді. Бірер айда пайдалануға берілетін баспанаға сексен отбасыны қоныстандыру туралы әкімдік пен құрылыс компаниясы арасында келісім-шарт жасалған.
Арқалықтың әкімі еріктілерді марапаттады
Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов көктемгі су тасқыны кезінде халыққа жәрдемдескен еріктілерді марапаттарды табыс етті.
Арқалық өңірлік штабының көмегі зор
Көктемгі су тасқынынан болған табиғи апатқа байланысты ел ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған қоғамдық штаб халыққа көп көмегін тигізіп жатыр.
Экобелсенділер «Таза Қазақстан» акциясы аясында жеміс бақтарын жандандырды
Бүгін облыстың барлық аудандары мен шалғай елді мекендерінде Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» ауқымды акциясының бірыңғай күні өткізіліп жатыр. Федоров ауданында ғана экологиялық акцияға бір уақытта 700-ден астам адам жұмылып отыр.