Ата-анамыз Жикан Айтышев пен Жаниса Айтышева Меңдіқара ауданындағы Ақсуат және Шолақсай ауылындарында дүниеге келген. 1946 жылы отау құрды. Өмірлерінің 20-30 шақты жылын Ресейде өткізді. Тоғыз бала тәрбиелеп өсірді.
Арқалықта зейнетақы бермей жатыр деген ақпарат рас па?
«Арқалықтың поштасы зейнетақы бермей жатыр» деген сөз желдей есіп кетіпті. Рас болса, бұл сұмдық қой. Мәселенің мән-жайын білмекке поштаға қарай асықтық. Кезекте тұрған халық нөпірі жоқ екен. Бірлі-жарымды адам кезегін күтіп отыр. Операторлардың бәрі жұмыс істеп тұр. Олай болса, мәселе неде?… Біз халыққа қызмет көрсету аясы туралы пошта басшылығынан сұрап білдік.
Жанкелдин ауданында «Торғай аруы – 2024» байқауы өз мәресіне жетті
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Торғай аруы – 2024» аудандық байқауы өтті.
Ардақты аналар құрметке бөленді
Арқалықта осындай атаумен 8 наурыз – Халықаралық аналар күні мерекесі қарсаңында көпбалалы және балалары әр салада жетістікке жеткен аналарға құрмет көрсетілді.
Кәсіпкерлер маңызды іске мән берді
Жергілікті жердегі кәсіпкерлердің пікірін зерделеп, бизнес-қоғамдастықта туындайтын мәселелерді шешу үшін сындарлы диалог құру маңызды шара. Бұл іс-шара жалпы өңірде оң бизнес-ахуалды қалыптастыруға бағытталған.
Көптен күткен жөндеу: Қостанай облысында 40 жыл жөнделмеген тас жолдар қалыпқа келтіріледі
Өңірдегі республикалық маңыздағы күре жолдардың жалпы ұзындығы 1534 шақырымды құрайды және оның 82% қанағаттанарлық деңгейде. Кейбір учаскелердің жөнделмегеніне 40 жылдай болғанын халық та, жолшылар да айтып жүр. Осы мақсатта өңірдегі автожолдарды қалыпқа келтіру бойынша ауқымды шаралар кешені басталмақ.
Арқада демалыс үйі салынады
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Арқа ауылында демалыс үйі салынып жатыр. Құрылысы өткен жылы басталды. Бұдан бөлек, Қамыстының Арқа ауылында фельдшерлік-амбулаториялық пункт, Алтынсарин мен Бестөбеде медициналық пунктер салынады.
Өнер зерттеушілері Нұрхан ақынның жаңа қырын ашты
Бұл туралы жас музыкатанушы, Тобыл-Торғай өңірінің фальклорын зерттеп жүрген Алматыдағы Қазақ ұлттық Құрманғазы атындағы консерваторияның магистранты Ермек Қазмұқамбетов тілшімізге берген сұқбатында баяндайды.
Қарасу ауданында жайылымдардың тапшылығы байқалады
Бұл туралы облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ибрагим Бекмұхамедов Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбеновтың төрағалығымен өткен Қарасу ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуінде мәлімдеді.
Арқалықта қазақ күресінен ересектер мен әйелдер арасында облыстық чемпионат өтіп жатыр
Қаладағы «Қайрат» спорт кешенінде жалауын желбіреткен жарысқа облыс әкімінің орынбасары, Тобыл-Торғай тарландары «Қазақ күресі» федерациясының президенті Ринат Мұхаметқалидың өзі қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.