Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кезекті қабылдауына Қостанай қаласында жолаушылар тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер жаңа автобустар сатып алуға субсидия бөлдіру мәселесі бойынша жүгінді.
Облыста мал ұрлығы азайған
Өткен жылы облыстағы мал ұстаушылар 157 млн теңгеден астам шығынға батты. Олардан 710 бас мал ұрланған. Оның 288 басы – жылқы, 43-і – ірі қара, 379 басы – қой. – 2021 жылға қарағанда 2022 жылы мал ұрлығы біршама төмендеді.
Жауынгерлер ант берді
Бүгін Қостанай қаласындағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің саптық алаңында Жамбыл, Ақмола, Қостанай, БҚО, Маңғыстау облыстарынан шақырылған 145 жас сарбаз салтанатты түрде әскери ант берді. Сарбаздарға сәттілік тілеп, жылы лебіз білдіру үшін Қостанай қаласының әкімдігі, Ұлттық ұлан “Орталық” өңірлік қолбасшылығының басшылығы, бөлімнің ардагерлер құрамы мен сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Ионенко Рудныйда әкімінің міндетін атқарады
Бүгін Рудный қаласының әкімі міндетін атқарушы болып Виктор Ионенко тағайындалды. Виктор Ионенко 2020 жылы облыс әкімінің орынбасары болған еді. Әр жылдары Денисов, Қарасу, Меңдіқара аудандарының әкімі қызметін атқарған.
Қалалық ауруханада бариатриялық ота жасалады
Қостанай қалалық ауруханасының проктологиялық бөлімінде бариатриялық ота жасалады. Былтырғы жарты жылдықта сегіз адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Бұрын мұндай ота тек шет елде немесе Астанада ғана жасалатын. Енді өз қаламызда да дәрігерлер қолға ала бастады. Бариатриялық ота дегеніміз – асқазанды кішірейтіп, семіздіктен арылу.
Жетістік те, кемшілік те бар
Облыста тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым бағытында былтыр атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Көзделген меже орындалған. Дегенмен, осы тұрғыда көш соңында келе жатқан жайбасар өңірлер бар.
Жақыпов қайта оралды
“Тобыл” футбол командасы өзінің төл түлегі Тимур Жақыповпен келісімге келді. Қорғаушының негізгі құрамнан орын алуы үшін біраз тер төкті. Басында жастар құрамынан көзге түскен тас қамал өреннің өнеріне жергілікті ұжымнан гөрі сырттағылардың назары ауғанға ұқсайды.