Бұл туралы Рудный әкімінің міндетін атқарушы Виктор Ионенко Instagram-да хабарлады. Қаланы тазарту жұмыстарын осы аптада аяқтау жоспарланып отыр.
Қостанай NIS оқушылары «Student Research Conference» I дәрежелі дипломдармен марапатталды
Рудныйда тағы да коммуналдық апат
Жылу желілеріндегі коммуналдық апатқа байланысты Горняк көшесінің Мир-Строительныйға дейінгі аралықта, Дзержинский көшесінің Горняк-40 лет Октября көшесіне дейін қозғалыс шектелді.
Қостанай көркейе түспек
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов және қала әкімі Марат Жүндібаев бастаған аймақтың атқамінерлері Қостанай көшелерін автобуспен аралап шықты. Облыс әкімі жергілікті журналистермен бетпе бет сұхбаттасып, жол жөндеу және көшелерді жарықтандыруға қатысты жоспарларды талқылады.
Гашек көшесіне автобус қатынай ма?
Қостанай қаласының Гашек көшесіндегі Күштік спорт түрлерінің академиясында 650-ден астам бала шынығады. Бір “әттеген-айы”, спорт нысанына дейін қоғамдық көлік қатынамайды. Жасөспірімдер алыстағы аялдамадан түсіп қалып, ары қарай жаяу барады. Әсіресе, қыста қиын. Балаларының қауіпсіздігіне ата-аналары да алаңдаулы. Аталған мәселе Қостанай қаласы әкімдігінде өткен кезекті аппарат мәжілісінде сөз болды.
Қала әкімдігінің мерекелік тартуы
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев халықаралық Әйелдер мерекесіне орай қыз-келіншектерді құттықтады. Мерекелік шара қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен “Мирас” мәдениет үйінде өтті.
Көктемгі қар суы: қаладағы ахуал қалай?
Қостанай қаласы әкімдігінде өткен аппарат жиналысында болуы мүмкін көктемгі су тасқынына дайындық шаралары талқыланды. Қала әкімі Марат Жүндібаев жергілікті атқарушы орган табиғаттың тосын мінезіне тастүйін дайын болуы қажет екенін ескертті.
Наурыз мейрамы қарсаңында байқаулар жарияланады
Қостанай қаласының әкімдігі Наурыз мейрамы қарсаңында байқаулар жариялайды.
Қауіпке қарсы қамданыс
Елдің әр өңірінде республикалық командалық-штабтың «Көктем-2023» атты оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Іс-шара мақсаты – көктемгі су тасқыны қаупінің алдын алуға дайындық жүргізу. Арнайы жаттығу Қостанайда да ұйымдастырылды. Апаттан құтқару қызметінің өкілдері Дружба кентінің маңайында тактикалық арнайы даярлықтан өтті.
Жаңа автобустар сатып алуға субсидия бөлінеді
Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кезекті қабылдауына Қостанай қаласында жолаушылар тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер жаңа автобустар сатып алуға субсидия бөлдіру мәселесі бойынша жүгінді.