Алматы қаласында Азия-Тынық мұхиты елдерінің математикадан халықаралық олимпиадасы және математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өтті. Осы білім сынағында қостанайлық оқушы биіктен көрінді.
Күрделі әдіспен ота жасай бастады
Қостанай облыстық ауруханасының кардиохирургтары алғаш рет тоталды коронарлы реваскуляризацияны алдыңғы торакотомия арқылы (Total coronary revascularization via left anterior thoracotomy) ота жасады.
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады
1 сәуірде бірінші сыныпқа қабылдау электрондық форматта басталады. Биыл облыс мектептеріне 11 мыңға жуық бірінші сынып оқушысы келеді деп күтілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Қарлыға Исмурзина айтып берді.
Өзекті даулар бейбіт жолмен шешілуде
Жанкелдин аудандық сотында алименттерді өндіру жөнінде дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға ішкі істер органы қызметкерлері, нотариус, медиаторлар қатысып, пікірлерін ортаға салды.
Қостанайлықтар назарына!
Назарбаев көшесі бойындағы жол өтпесінде автомобиль қатынасының күрделенуіне байланысты, ПЧСТР көпірінің жанында жедел көшпелі кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Жастарды қолдау – маңызды іс
Қостанай облысындағы жастар саны 242 896 адамға жетіп, халық санының 29% құрап отыр. Аймақ жастары әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, оның ішінде тұрғын үй, жұмыс, оқу құны және мемлекеттік білім беру гранттарының саны сияқты сұрақтарға көп мән береді. Қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев әкімдікте өткен жиында жастарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді. Облыс бойынша жұмыссыз […]
Әр өңірге тиесілі ораза кестелері жарияланды
Рамазан айындағы ораза және намаз кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алтын өндірісі азайған
Облыс өнеркәсібінің 64,2%-і өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Оның ішінде тау-кен өндіру секторы 32,6%, электрмен жабдықтау 2,5% болса, 0,7 %-ін сумен жабдықтау секторы құрайды.
Наурыз айы туғанда…
Бүгін елімізде Ұлыстың ұлы күнін атап өтуге арналған іс-шаралар ресми түрде басталды. Мәдениет ошақтары мен білім беру мекемелері және кітапханаларда әртүрлі мазмұндағы кештер өтуде. Республика халқы бірін-бірі Көрісу күнімен құттықтап, төс қағыстырып, ізгі тілектерін арнауда. Қостанай облысының орталығында қандай мерекелік шаралар басталды? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Газ тарату станциялары салынады
Қостанай облысының елді мекендерін газбен жабдықтау үшін осы жылы 9 жоба жүзеге асырылады. Ол үшін Ұлттық қор мен республикалық және облыстық бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінген.