Қостанай қаласының Абай даңғылы бойындағы көпір астында (КЖБИ шағын ауданы) қар суы көп жиналып, көліктердің жүруіне кедергі келтіріп жатыр. Бұл маңдағы кәріз жүйесі көп мөлшердегі суды ағызып үлгере алмауда. Қазір “Капитал груп союз” ЖШС мердігер ұйымы су сору жұмыстарына кіріскен. Төмендегі видеоларды бізге оқырмандарымыз жолдады. Айта кетейік, биыл Абай даңғылына жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде осы […]
Қоғамдық келісім – бейбітшілік кепілі
Қостанайдағы “Қоғамдық келісім”мекемесінде дәстүрлі діни конфессиялардың жетекшілері бас қосты. Қатысушылар “Конфессияаралық келісім – ұлттық бірлік принциптерінің бірі” тақырыбында пікір алмасты.
Бірегей портал іске қосылды
Қостанай қаласының тұрғындары бұдан былай үйде отырып-ақ коммуналдық қызмет ұйымдарымен келісім-шарт жасай алады. Ол үшін dev.integrocity.kz. порталына қосылу керек.
Жасыл желек жайқалар
Жуық арада көгалдандыру жұмыстарының қолға алынатыны белгілі. Көше бойын жағалай гүл көмкеріп, жасыл-желектің жайқалып тұрғаны кім-кімге де ұнайтыны анық. Ауқымды іске кіріспес бұрын Қостанай қаласының аумағындағы жасыл желектердің жай-күйіне кешенді зерттеу жүргізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Ана тілін өркендетудің тағы бір қадамы
Қостанайда қазақ тіліне шорқақ адамдарды сөйлеуге жаттықтыратын арнайы клуб жұмыс істейді. Үйлестірушілері Анель мен Ғайни бұл жобаны былтыр жаздан қолға алды. Кейін орын тапшылығы сезіліп, жұмысы уақытша тоқтады.
Ел үмітін ақтады
Үнді елінде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жерлесіміз Надежда Рябец қола жүлдеге қол жеткізді. Ақтық сынға жолдама алар сәтте төрешілердің өзара келісімі бойынша қытай атлетіне жол берді. Бұлай айтуымыздың себебі, Надежда қарсыласынан екі раунд бойы басым түсті.
Қазақстанда ит пен мысық асыраушылар үшін жаңа ереже бекітілді
Нормативтік құқықтық актілер сайтында “Үй жануарларын ұстау мен серуендетудің қағидаларын бекіту туралы” бұйрыққа түзетулер жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жамбыл жырлаған эпос жапон тіліне аударылды
«Қыз Жібек» жырының Жамбыл Жабаев жырлаған нұсқасы жапон тілінде жарық көрді. Туындыны аударған Жапонияның Фольклортанушылар ассоциациясы мен Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі Шарафат Жылқыбаева.
Дүбірлі думанға даярлық қалай? Орталық алаңнан фоторепортаж
Тағатсыз тостырған ұлт мейрамына бір тәулік қалды. Әртүрлі деңгейдегі іс-шаралар мекеме-ұйым, сарай-залдарда апта бойы толассыз жалғасып жатыр. Ал облыс орталығында өтетін басты мейрамға дайындық, киіз үй тігу барысы қалай жүріп жатыр? Оны фототілшіміз камерасына іліктіріп қайтты.
“Ауыл Аманаты”: шарты оңайлатылған несие кімдерге тиесілі?
Қостанай облысында «Ауыл Аманаты» шағын несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Микрокредиттер ауыл тұрғындарына өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту немесе жаңа бизнес идеяларды қолдау және техника сатып алу үшін қолайлы шарттармен беріледі. Ауыл тұрғындарына, әсіресе, атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен табысы төмен адамдардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік жасалған. Толық ақпарат алу үшін кенттер мен ауылдық округ әкімдеріне, аудандық […]