Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиында Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұралы Есіргепов мәлімдеді.
Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы тағайындалды
Қостанайда VIII сайланған қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті.
Міндет – жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті қамтуды ұлғайту
Өткен жылы “Самұрық-Қазына Контрак” ЖШС 93 млрд теңгеден астам қаржыға 285 оффтейк-келісім шарт жасаған. Бұл тиімді шарттармен қаржыландырудың басты құралы.
Ұтқыр сөздің сайысы
М.Дулатов атындағы КИнЭУ қабырғасында «Алаш» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «Kostanay Open» халықаралық турнирі өтті. Екі күнге созылған сайысқа Қостанай, Көкшетау, Астана, Алматы, Челябі, Петропавл қалаларынан 100 адам қатысты. Тартысты доданы өткізудегі негізі мақсат – жастардың еліміздің қоғамдық-саяси жағдайы туралы пікірін тыңдап, шешендік өнерге қызығушылығын арттыру. Аталған сайыста қоғамдық, саяси тақырыптар талқыланды. «Турнирді ұйымдастыру деңгейі өте жоғары. […]
Қандай тұлғалар банкрот деп танылады?
Жеке тұлғалар қандай жағдайда банкрот деп танылады? Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті берешекпен жұмыс басқармасының Оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы Аязбек Құлназаров пен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қостанай қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Әсет Қуанышбаев баяндады. — 2023 жылдың 3 наурызынан банкроттық рәсімін қолдануға азаматтардан өтініштер […]
Қостанай облысында полиция қатарын 59 жас маман толықтырды
Жас полицейлер мен тәлімгерлердің кездесуі Қостанай облысының полиция департаментінде өтті. Іс-шараға бір жылдан аз жұмыс істейтін полицейлер мен жұмыс өтілі көп әріптестері қатысты. Олардың міндеті жас мамандарды полиция қызметіне бейімдеу.
Жартылай финалға 8 команда жолдама алды
«Мирас» мәдениет сарайында Қостанай облыстық супер лигасының 1/4 ширек финалдық сайысы өтті. Облыстық Жастар ресурстық орталығының «Қостанай облысында жайдарман лигасының қозғалысын мемлекеттік тілде ілгерілету және дамыту» жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.
“Тобыл” жаңа қорғаушымен толықты
Ол сербиялық “Цревный Звезданың” түлегі — Иван Рогач.
Уақытша тоқтатылды
Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты 2023 жылдың 29 наурызы сағат 08.00-ден (Астана қаласы уақытымен) бастап Жітіқара ауданының аумағындағы Ресей Федерациясы Челябі облысының “Мариинский” ресейлік өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан “Желқуар” автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаймыз.
Қала әкімдігі пилоттық жобаны іске қосты
Енді Қостанай қаласының тұрғындары сумен жабдықтау, ҚТҚ әкету, жылумен жабдықтау шарттарын жасасу жөніндегі қызметтерді үйден шықпай-ақ ала алады. Қостанай қаласының әкімдігі «Интегро ақпараттық салалық шешімдер орталығы» ЖШС-мен бірлесіп табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін цифрландыру бойынша пилоттық жобаны іске асырды. Қазіргі уақытта сумен жабдықтауға, қатты тұрмыстық қалдықтарды әкетуге, жылумен жабдықтауға шарттар жасасу бойынша сервистер жұмыс істейді. Қалалық қызметтер […]