«Тобыл» футбол клубы мен облыстық «Қостанай таңы» газетінің бірлескен жобасы – Ораза айының алғашқы күнінде басталған «Мейірім шуағы» қайырымдылық акциясы аяқталды. Ұйымдастырушылар тізімдегі ең соңғы отбасыға азық-түлік қоржынын апарып, айт мейрамымен құттықтап шықты.
Былтыр өндірістік жарақат алып, 18 адам көз жұмған
Көп жағдайда кәсіпорындарда қарапайым еңбек қауіпсіздігі сақтала бермейді. Мұның арты кісі өліміне, жұмысшылардың өндірістік жарақат алуына әкеп соқтырады. Абырой болғанда, биыл бірде-бір қайғылы жағдай тіркелмеген. Мамандардың айтуынша, еңбек адамының қауіпсіздігін сақтау, бақытсыз оқиғалардың алдын алу басты міндет. Облыстық салалық және жергілікті кәсіподақтар өкілдері бас қосқан үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында осы мәселелер жан-жақты талқыланды.
Меңдіқара ауданында мәдениет үйі жөнделіп жатыр
Меңдіқара аудандық мәдениет үйіне соңғы рет күрделі жөндеу 2014 жылы жүргізілген. Одан бері он жылға жуықтады. Бүгінде шатырынан су тамшылайды, мүліктердің бүліну қаупі бар.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңір тұрғындарын Ораза айт мейрамымен құттықтады
Құрметті қостанайлықтар! Барша мұсылман қауымын Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Рамазан айы аяқталғанын білдіретін бұл мейрам – исламның ғасырлар бойғы игі дәстүрінің, оның маңызды рухани құндылығы болған кең пейілдің, жақсылық пен мейірімділіктің көрінісі. «Он екі айдың сұлтаны болған» Рамазан айы әр адамның санасы мен жүрегін жаман ой, жат пиғылдан арылтса, Ораза айт иманды […]
Бизнесті дамытуға бағытталған жаңа шаралар қолға алынып жатыр – Николай Шерер
Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі кеңейтілген жиында жаңа геоэкономикалық ахуал жағдайында бизнесті дамыту векторларын айқындады. Президент өңірлік ауқымдағы табысты және ісін адал жүргізетін кәсіпкерлер жаңа, әділ экономиканы дамытудың локомотивіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Қостанай облысында бұған жарқын мысал етіп айтуға тұрарлық кәсіпкерлер жеткілікті. Солардың бірі – диқан Николай Шерер.
Әулиекөл ауданының диқандары көктемгі егіске сақадай сай
Егін өсіріп, мал баққан ағайын жыл он екі ай бойы дамыл таппайды. Әсіресе, диқандар қауымының жұмысы қауырт. Ала жаздай алқапта жүрсе, қара күзден бастап келесі жылдың қамына кіріседі. Бұл жылдағы дағды. Қолдағы бар техникасын сайлайды, жөндеп-жасқайды. Пар өңдейді. Ылғал жабады. Әйтеуір, қарбалас шақтың қайтарымы мол болатындығына шаруа баққан жанның сенімі зор.
«Ұлы дала жорығы – бабалар ізімен» атты республикалық аламан бәйге өтті
Елімізде екінші рет «Ұлы дала жорығы – бабалар ізімен» атты республикалық 14 күндік аламан жарыс, марафон-бәйге бастау алған болатын. Оның жалпы қашықтығы 1300 шақырымнан асады. Бұл бастама Науырзым ауданында тұңғыш рет ұйымдастырылды.
Өңірде ветеринарлар жетіспейді
Облыс көлемінде 20 ветеринарлық станция мен 206 пункт бар. Осы орындарда кадр қажеттілігі сезіледі. Жұмысқа келген жас мамандарға қашанда қолдау бар.
Рудныйға көшіп келген қандастар: «Атамекеннен артық жер жоқ»
Газет бетінен «Қандастар» деген жаңа айдар ашылды. Мақсатын да, маңызын да түсініп отырған боларсыздар. Қазір елімізге ағылып жатқан ұлы көш жоқ. Дегенмен, елім дейтіндер әлі де келіп жатыр.
«Бес қонақ» ауыл малын жалмап кетті
Табиғаттың тосын мінезі Торғай жұртшылығын әлекке салды. Ашық-жарықта жайылымға жіберген малдары төтеннен түтеген боран, толассыз төпелеген қар аралас жаңбыр салдарынан айдалада қырылып қалды. Түлігін түгендей алмай отырған ауылдықтар әлі де баршылық…