Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды іске асыру мәселелері жөнінде кеңесте әлеуметтік блок мәселелеріне тоқталған Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов ең алдымен МӘМС жүйесін реформалау қажеттігіне назар аударды.
Ұлпан Жұмабек – X Factor Kazakhstan жобасының жеңімпазы
Жерлесіміз Ұлпан Жұмабек X Factor Kazakhstan жобасының оныншы маусымында көрермендердің көп дауысын жинап, жеңімпаз атанды.
««Үндестік» неге үнсіз?» : №15 мектептің директоры ата-аналар уәжіне жауап қатты
«Алдияр» балабақшасының құрылтайшысы «Үндестік» мекемесі мектеп ғимаратын 8 жыл бойы жалға алып келген. №15 мектептің директоры Жұмагүл Мейрамованың айтуынша, балабақшаны жалға алу туралы келісім-шарттың мерзімі ақпанның басында аяқталған.
Өңірімізде елуге жуық бизнес компаниясы бар екенін білесіз бе?
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте белгілі болды. Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ринат Дәулетбаевтың айтуынша, кәсіпкерлер палатасы өткен жылдармен салыстырғанда жұмыс тиімділігін екі есеге арттырды.
Қостанайда ата-аналар дабыл қақты: «Жүз бүлдіршін қайда барады?»
Қостанай қалалық білім бөлімі Қостанайдағы №15-ші қазақ мектебі ғимаратының бір қанатын Мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында жалға алған «Алдияр» жекеменшік балабақшасынан орынды босатуын талап етуде.
Әйелдер күштері альянсы білім басқармасымен жаңа жобаны қолға алды
Қостанай облысы білім басқармасы мен Қостанай облысының әйелдер күштері альянсы «Жас көшбасшылар мектебі» жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойды. Өзара ынтымақтастық келісім оқушылардың жаңа бастамаларын дамытуға және қолдауға бағытталған.
Қарамеңдіде тұрғындарға пәтер кілттері табысталды
Науырзым ауданының орталығы Қарамеңді ауылында 18 пәтерлі тұрғын үй халық игілігіне берілді. Сақалды құрылысты қалыпқа келтіруге жергілікті қазынадан 162 млн теңгеден астам қаражат бөлінген еді.
Қазақстанда электронды лездік лотерея сату дүңгіршектерінің қызметіне шектеу қойылды
Мұндай шешім қабылдауға ел азаматтары мен мемлекеттік органдардан келіп түскен арыз-шағым негіз болған.
Букмекерлер салық органдарына бәс тігу мәліметтерін ұсынатын болады
Осы жылдың 12 ақпанынан бастап букмекерлер мен тотализаторлар салық органдарына бәс тігу мәліметтерін ұсына бастайды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті Арнаулы салық режимдері басқармасының басшысы Ерқанат Шымберген айтты.
Азық-түлік бағасы тұрақтандыру қоры арқылы реттеледі
Қостанай қаласында жыл басынан бері жұмыртқа 14 теңгеге, нан бағасы 171 теңгеден 176 теңгеге қымбаттаған. Оған себеп өнімнің өзіндік құнының өсуі. Яғни, коммуналдық шығындар, жұмысшылардың жалақысы, логистикамен қатар, ветеринарлық өнімдер мен қоспалардың да бағасы артқан.
