Қазақ күресінен биылғы облыстық іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде Арқалық балуаны Нұрсұлтан Қаблан топ жарды.
Әйгілі «Отырар сазы» Тобыл төрінде!
Қостанайда Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрінің «Өз елім» атты қайырымдылық концерті өтті.
Заречный кентінде жаңа спорт кешені ашылды
Бүгін Қостанай ауданының Заречный кентінде «Sport Life» аталатын дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Нысанның салтанатты ашылуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.
Оқу жылы бірыңғай сынып сағатымен қорытындыланды
Бүгін облыстың барлық мектептерінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Биыл шегіртке қаптайды деген қауіп бар
Зиянкес жәндіктердің дернәсілдері Арқалық қаласына қарасты Ашутасты елді мекені маңындағы алқаптардан байқалып отыр.
Қонай шағын ауданында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға арналып тоғыз үй салынады
Зардап шеккен тұрғындар қала әкімімен бірге болашақ баспаналарының құрылысымен танысуға барды.
«Ұлы дала жорығы – 2024»: жарыс жеңімпазы анықталды
Астанада «AMANAT» партиясының қолдауымен көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы дала жорығы» кең ауқымды республикалық марафон-бәйгесінің үшінші маусымы өз мәресіне жетті. Жеңімпаз – Жетісу облысының командасы. Қостанайлық шабандоз 500 шақырым үздіктерінің қатарынан көрінді.
Қостанайдың жаңа шойын құю зауыты жақында іске қосылады
Қостанайда ел экономикасының жаңа локомотивіне айналуға тиіс жоғары технологиялық екі зауыттың біреуінің құрылысы аяқталуға таяу.
Рудныйлық оқушы қыз Гарвардтың студенті атанады
Рудныйлық оқушы Аяжан Жәдігерова Гарвард университетіне білім грантын ұтып алды. Ол енді беделді оқу орнында медиа маркетинг мамандығын оқитын болады.
Қостанайда заманауи трактор бөлшектері шығарыла бастады
Өнеркәсіптік кооперация аясында AGROMASH зауыты Локализациялық орталық қабырғасында CLAAS тракторларына арналған бөлшектерді шығаруды бастады.