Майлин ауданы мәслихатының төрағасы пара бермек болған

Майлин ауданы мәслихатының төрағасы пара бермек болған

Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы әрі депутаты пара бермек болған деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы және депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

“Мәслихат төрағасы, онымен аффилиирленген фирманың жергілікті мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік сатып алу шарттарының талаптарын орындамауына байланысты аудит барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қолданбағаны үшін депутат арқылы облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне 2 млн теңге сомасында пара берді деп айыпталуда”, – деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Осы жылдың 23 қаңтарында қадағалаушы прокуратура айыпталушыларды сотқа берген. Алайда, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Өйткені, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу