Футболдан olimpbet Қазақстан чемпионатының он бірінші турында Қостанайдың «Тобылы» көкшелік «Оқжетпеске» қонаққа барды. Аталған ойын алаң иелерінің стадионы дайын болмағандықтан «Астана арена» спорт кешенінде өтті.
Жүректен өшпейтін із
31 мамыр – ресми түрде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.
«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТТАРҒА ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ
Қазақстанның барлық қалаларында бір мезгілде «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті.
«Қуатты өңірлер» бірнеше бағытта дамиды
Басқа моноқалалармен салыстырғанда, Лисаков анағұрлым таза, абаттандырылған, жинақы. Көрікті шаһар биыл тамызда 52 жылдығын атап өтпек. Қала 1971 жылы осы аттас тау-кен байыту комбинатының негізінде құрылған. Әкімшілік-аумақтық ауданы 0,1 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Қаланың әкімшілік аумағына Октябрь кенті кіреді.
Көшеттерді бүлдіріп, қашып кеткен
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев инстаграм парақшасында жаңадан отырғызылған көшеттердің сынып, көше бойына орнатылған гүл құмыраларының жоғалып кетіп жатқаны туралы жазған еді. Аталған факті бойынша 200 мың теңге шығын келтірілген.
Сұрағы көп түйткіл
Қазақ тілінің мәртебесін қалай арттырамыз? Қайтсек ғылым тіліне айналдырамыз? Рудныйда «Ана тілім – ардағым» атауымен өткен ғылыми-практикалық конференцияда ғалымдар мен мамандар осы сұрақтар төңірегінде ой қозғады.
Құмар Ақсақалов: тапшылық болмау керек
Биыл өңіріміздің жол саласына 39,3 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл қаражат жергілікті маңызы бар 446 шақырым автожолды және елді мекендердің 299 көше учаскесін жөндеуге бағытталады. Әзірге 44 жоба бойынша мердігерлер анықталған.
Арқалықта кезекті рет «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізілді
Арқалықта жәрмеңкеде 9 мекеме 70 бос жұмыс орнын ұсынды. Бұл жолғы іс-шараның өтуіне «AMANAT» партиясының Арқалық қалалық филиалы, қалалық «Жұмыспен қамту орталығы», Прокуратура, «Әділет» органдары мұрындық болды.
Қозғалған мәселе әкімдік назарында
Газетіміздің 12 мамыр күнгі №49 санына «Кері кеткен кезек» деген мақаламыз басылды. Жазбамызда Ұлы Отан соғысының ардагеріне теңестірілген тұлға Сайран Нұрбаевтың тұрғын үй кезегіне қатысты мәселесін көтердік. Мәселеге жан-жақты ой қосу үшін Қостанай қалалық тұрғын үй қатынастары бөліміне ресми хат жолдаған едік. Мекеменің жауабы қолға тиіп отыр.
Азаматтық қоғам –демократия дамуының көрсеткіші
Азаматтық қоғамның жандануына үлес қосатын бірден-бір құрылым – үкіметтік емес ұйымдар. Біздің елімізде олар 2000 жылдардан бері қарай қалыптаса бастады. Бүгінде әр облыстарда белсенді ҮЕҰ-дар шоғыры қалыптасып, маңызды оқиғаларда төбе көрсетіп жүр.