АРҚАЛЫҚ ЖАСТАРЫ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

АРҚАЛЫҚ ЖАСТАРЫ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

«Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Жастар арасында дәстүрлі құндылықтарды қалыптастыру және азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы өз жалғасын табуда.

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Арқалық қалалық Жастар Ресурстық орталығы ұйымдастыруымен «Жалын» жастар ұйымы» ҚБ мен Арқалық қалалық полиция басқармасының қолдауымен жастар арасында шағын футболдан қалалық біріншілік өткізілді.

Іс-шараның ұстанымы – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен тұрақты айналысуға ынталандыру, нашақорлықтың алдын алу және зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстаудың маңызын түсіндіру.

Жарыс барысында командалар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жоғары дайындықтары мен ұйымшылдықтарын дәлелдеді. Әрбір қатысушы жеңіске деген жігерін танытып, достық пен өзара құрметтің үлгісін көрсетті.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

«Жалын жастар ұйымы» ҚБ төрағасы Мейрамбек Айбекұлының айтуынша осындай спорттық ілкімді іс-шаралар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, азаматтық белсенділігін арттыруға және қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлесін қосады.

Мұрат Жүнісұлы

                                          Арқалық қаласы