Арқалық өнерпаздары «Тобыл толқыны – 2025» фестивалінің жеңімпазы атанды 

Арқалық өнерпаздары «Тобыл толқыны – 2025» фестивалінің жеңімпазы атанды 

Бас жүлдені иеленген  Арқалық қаласынан келген «Арқа сазы» ансамбліне 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат табыс етілді.

Тобыл қаласының «Тобыл сазы» командасына екінші орын беріліп, 350 000 теңге көлеміндегі сертификат иегері атанды.

Рудный қаласының «Қоңыр» ансамбліне үшін орын табысталып, ұжымға 150 000 теңге көлемінде сыйақы ұсынылды.

blank blank

Қостанайдағы «Мирас» мәдениет үйінде өткен ұлттық рух пен өнерді ұштастырған  «Тобыл толқыны – 2025» III қалалық командалық ашық байқауынан кейін фестивалдің гала-концерті өтті.

blank

Игі шара Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына және Республика күніне орай ұйымдастырылды.

Байқау белгілі өнер тарландары – Абай Әмірханов, Назымбек Молдахметов және Қалибек Деріпсалдиннің құрметіне арналды.

Кештің жүргізушісі – көрерменге жарқын шеберлігімен жақсы таныс Далабай Жанарыс болды.

Байқауға Тобыл өңірінің қалаларынан келген талантты ансамбльдер қатысып, дәстүрлі музыка, заманауи бағыттағы ұлттық ән-күйлер арқылы өз өңірлерінің намысын қорғады.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА