Ықпалдастыққа дәнекер

Бүгін «КАМАЗ» ЖАҚ бас директорының бірінші орынбасары Ю.И. Герасимов Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Өңіріміздің машина жасау саласы үшін құзыреттер мен мамандарды даярлау орталығы болып табылатын Қостанай автомобиль көлігі колледжінде болды.
Екінші жыл қатарынан білім ордасы «КАМАЗ» жобасын іске асыруда. Нәтижесінде  Қостанайда екі зауыт салынуда: шойын құю және жетекші белдемелерді жасау. Осы жобаны іске асыру үшін колледжде жаңа мамандықтар ашылды: қара металдар металлургиясы, механикалық өңдеу, өнеркәсіптегі бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика, токарлық іс және металл өңдеу, машина жасау технологиясы, автоматтандыру және басқару.
 Жаңа мамандықтар бойынша 125 студент бірінші курсты бітірді. 2021 жылы. бірінші курсқа 125 студентті қабылдау жоспарланып отыр. Оқу жоспарлары «КАМАЗ» ЖАҚ келісілді. Білікті мамандарды даярлау үшін жергілікті бюджеттен жаңа зертханалар сатып алуға қаражат бөлінді: «Логикалық контроллерлерді автоматтандыру және бағдарламалау», «Токарлық іс және металл өңдеу», «Гидро-пневмопривод», «Электрлік өлшеулер және БӨА».
Колледжді аралау кезінде машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандумға қол қойылды.
Меморандум «Kamlitkz» ЖШС (Қостанай қ. салынып жатқан шойын құю зауыты) – В.Пастушенко, облыстық білім басқармасының басшысы З.Байменова және РФ Набережные Челны қ. «Машина жасаудың қолданбалы біліктіліктерінің көп функционалды орталығы» қосымша кәсіптік білім беру қауымдастығы (МЖҚБКО) арасында жасалды.
Айта кету керек, үшжақты келісім барысында Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің «КАМАЗ» ЖАҚ зауыттарында және оқу орындарының педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және жаңа технологияларды зерделеуге бағытталған ПҚХО-да тағылымдамалары жоспарланды. Сондай-ақ, «КАМАЗ»ЖАҚ зауыттарында колледж студенттерінің өндірістік практикасын ұйымдастыру, жалпы техникалық және арнайы пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламаларын келісілді. «KamLitKZ» ЖШС өндіріс өкілдерінің аралық және қорытынды аттестаттауға (емтихан сессиясы және курстық және дипломдық жобаларды қорғау) қатысуы жоспарланып отыр.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓