«Ауыл – ел бесігі»: 25 жоба іске асады

Қостанай облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жемісті жалғасуда. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы жанындағы аймақтық қоғамдық кеңестің екінші отырысында айтылды.  Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов, облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Аққожина және кеңес мүшелері қатысты. Қостанай облысы әкімідігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Гүлбарам Мұсағазинаның айтуынша, 2019-2020 жылдары  жалпы саны 86 мың адам тұратын 18 ауылда 145 жоба жүзеге асырылған. Олардың көбінің жол, әлеуметтік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысы бар.
«2019 жылы 5 ауылда – Федоровка, Сарыкөл, Боровской, Әулиекөл және Қарасуда білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет нысандарына күрделі және ағымдық жөндеу жүргізілді, ауылішілік жолдар орташа жөндеуден өтті. 2020 жылы Қарамеңді және Денисов ауылдарында қазандықтар салынды, Силантьев және Қамысты ауылдарындағы стадиондар жөнделді. Ұзынкөл және Торғай ауылдарында спорт-сауықтыру орталықтарының құрылысы басталды,  бұлар биыл аяқталады. Күрделі жөндеуден 2 мектеп және мектеп жанындағы жатақхана (Октябрьский, Первомайский, Амангелді ауылдарында), 3 денсаулық сақтау мекемесі (Торғай, Қамысты, Тобыл ауылыдары, мәдени орталық (Денисовка), барлық 13 ауылда ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген» , — деді Гүлбарам Ғизатқызы.
2021 жылы 42 мыңнан астам тұрғынды қамтитын 9 ауылда 25 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Осы мақсаттарға бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінген.
Сондай-ақ, 23 жаңа жобаның 21-ін жүзеге асыру үшін мердігерлермен келісімшарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталады. 2 жоба бойынша конкурстық процедуралар аяқталуға жақын. Оған қосымша 12 ауылдық елді мекенді қосу және 23 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның ішінде Қарабалық кентіндегі әлеуметтік нысандарға арналған екі автономды жылу көздерін салу, 12 білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарын күрделі жөндеуден өткізу, 9 ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізу жобалары бар.
Кеңес төрағасы Қайрат Маишев «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында өңірлерді дамыту, жұмыспен қамту мен бизнесті қолдау, суармалы жер бөлу және тұрғын үй салудағы басқа мемлекеттік бағдарламалармен үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓