Бір іспен екі қайырым жаса

Белсенділер қостанайлықтарды макулатура тапсыруға шақырады. Бар болғаны, барлық қажеті жоқ макулатураны жинап әкеліп, Л.Толстой атындағы кітапханада орналасқан қабылдау нүктесіне өткізу керек. Олар қайта өңдеуге жіберіледі. Ал одан түскен қаржы тұрмысы төмен отбасыларға жәрдем ретінде жұмсалмақ. Осылайша, қостанайлықтар бірден екі игі іс жасай алады.
Макулатура жинау нүктесі ескі кітаптар, картон, пайдаланылған кеңсе қағаздары және газеттер қабылдайды. Акция 5 мамырда басталған. Тұрғындарды саналы экотұтынысқа шақырып отырған ұйымдастырушылардың айтуынша, қалада қабылдау нүктесі 7 жерде орналасқан. Қазір, әсіресе, Л.Толстой атындағы кітапханаға макулатура аз жиналған.
«Акция 30 мамырға дейін өтеді. Сондықтан асығыңыздар. Егер кеңсеңізде немесе үйіңізде қажетсіз қағаз көп жиналып қалған болса, біз мекенжайға барып, өзіміз алып кете аламыз», — дейді белсенді топ мүшесі Қамажай Бермағамбетова.
Экологиялық әрі қайырымдылық акциясына кез келген азамат қатыса алады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓