Үздік полицей

Арқалық қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювенальды полиция тобының учаскелік инспекторы Аягөз Әмірхамза білім және ғылым жолында жеткен жетістіктері үшін «Қазақстанның үздік магистранты» төсбелгiсiмен марапатталды. «Қазақстанның үздік магистрі және магистранты» аталған республикалық байқауды «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Жас мамандардың инновациялық әлеуетін арттыру, зерттеушілік қабілетін дамыта отырып, тәжірбие алмасу мақсатында қолға алынған шараға еліміздің әр өңірінен 200-ден аса материал келіп түсті. 83 үздік деп іріктелген қатысушының арасында Арқалық қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювенальды полиция тобының учаскелік инспекторы Аягөз Әмірхамза да бар. Ол «Қазақстанның үздік магистранты» төсбелгісімен және жеткен жетістіктері үшін І Дәрежелі дипломымен марапатталып, арнайы жинаққа еніп отыр.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓