Жаңа жүйе

Қазақстанда пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) орнына тұрғын үйді басқарудың жаңа формалары енгізілді. Осы ретте, "Nur Otan" депутаттары облыс тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
"Nur Otan" партиясының Қостанай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Ғазиз Ахметчинның айтуынша, көп-пәтерлі үй тұрғындары ендігі кезекте "Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот" қағидасына сәйкес, барлық шығысты қадағалай алады.
– "ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң 2020 жылғы 7 қаңтарда қабылданды. Осы уақыттан бастап бір жыл ішінде (2021 жылғы 7 қаңтарға дейін) көппәтерлі тұрғын үй иелері жиналыс өткізіп, меншік иелерінің бірлестігіне қарапайым бірлестік құру туралы шешім қабылдайды. Жиналысқа тұрғындардың кемінде 51%-ы қатысуы тиіс. Қабылданған шешімді меншік иелерінің кемі 26%-ы қолдауы керек. Жиналыста басқару формасынан бөлек,үй кеңесі, ревизиялық комиссия, бірлестік төрағасы анықталады, – дейді Ғазиз Ахметчин.
Меншік иелері бірлестігі – бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум нысанын басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға ретінде тіркелген коммерциялық емес ұйым.
МИБ пәтер иелерінен құрылады. Оны басқаратын төраға бір жылға сайланады. Аула сыпырушы, электрик, сантехник сияқты мамандар штатқа жұмысқа алынбайды. Олардың қызметін шарт бойынша сервистік қызмет көрсететін ұйым орындайды. Ай сайын жиналатын ақша сомасын тұрғындардың өзі белгілейді.
Ал меншік иелері бірлестігінің пәтер иелері кооперативі-нен айырмашылығы, біріншіден МИБ құрамына сол үйдің тұрғындары ғана кіреді. Әрбір үйдің басқару мекемесі болады.
Пәтер иелері кооперативі 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін басқарушы немесе қызмет көрсетуші компаниялар болып қайта құрылуы шарт. Оған дейін МИБ не қарапайым серіктестікпен қатар жұмыс істей береді. ПИК жұмысы тұрғындардың көңілінен шықса, бірлестік кооперативпен әрі қарай жұмыс істей алады. Бірақ, ол қызмет көрсетуші кооперативпен келісім-шартқа отыруы тиіс.
Сондай-ақ, депутаттардың айтуынша, заң бойынша бірлестік төрағасы ағымдағы және күрделі жөндеуге арналған есепшотты міндетті түрде екінші деңгейлі банктерден ашуы керек. Алдымен ағымдағы жөндеуге жұмсалатын ай сайынғы төлемдер әдістемеге сәйкес есептеледі. Ал, күрделі жөндеу мәселесі тұрғындар қатысатын жиналыста көтеріледі. Заң бойынша күрделі жөндеуге қажет қаражат мөлшері: 1 шаршы метр үшін – 13 теңге. Тұрғындар жөндеуге одан көбірек сомада қаржы жинай алады.
Қала тұрғындарымен кездесу әлі де жүргізілетін болады. Алдағы уақытта қала, аудан тұрғындары аталған мәселе бойынша бар сауалдарын депутаттардың тікелей өздеріне қоюға мүмкіндік алады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓