«Құс фабрикасы» – қарқынды жоба

Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов қаланың шаруашылық көздерімен танысу жұмыстарын "Агроинтерқұс" ЖШС-де жалғастырды.
"Құс фабрикасы" қаладағы зәкірлі жобалардың бірі. Бұған дейін бұл кәсіпорынның құс індетінен қатты зардап шеккені белгілі. Қазір босап қалған құс қораларына "Хай – Лайн" аталатын тауық түрінің 270 мыңы жеткізіліпті. Серіктестік алдағы күзге қарай құстың санын 420 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда құс фабрикасында 165 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын жұмысшыларының орташа айлық еңбекақысы 90 мың теңге.
Шаруашылықтың шешімін күткен проблемасы "Арқалық – Торғай" көтерме жолынан серіктестікке дейінгі 2 мың 800 метр жердің бір бөлігі нашар жағдайда. Кездесу барысында аталған мәселені шешудің жолдары қарастырылды.
Мұрат
 ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓