Құрметті атақ берілді

Арқалық қалалық мәслихатының шешімімен Ұлы Отан соғысының ардагері Ф. Романенко, спорт ардагері О.Сейдағаламов және медицина саласының майталманы М.Спандияров «Арқалық қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.
Ардагерді Ұлы жеңістің 76 жылдық мерекесімен қала әкімі Әмірхан Асанов, қалалық мәслихаттың хатшысы Гүлбану Елтебаева, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғапбасұлы арнайы үйіне барып құттықтады.
ҰОС ардагерлері, полиция полковнигі Федор Романенко №883 полктің 193 атқыштар дивизиясы құрамында Сталинград шайқасына қатысқан. "Екінші деңгейлі Ұлы Отан соғысы" орденінің және бірнеше медальдардың иегері.
Орынбай Сейдағаламов есімі елге белгілі даңқты спорт ардагері. Отыз жылдан астам уақытын Торғай өңірінің спортын дамытуға арнаған. Қазақ күресінен «ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «ҚР Спорт шебері», «ҚР Спортына еңбек сіңірген қайраткер», самбо және дзюдодан «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», ардагерлер арасында Әлемнің алты дүркін жүлдегер — жеңімпазы, Аманкелді ауданының құрметті азаматы.
Мұхамедрақым Спандияров туберкулезге қарсы диспансерде табан аудармастан қырық жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен. «ҚР медицина саласының үздігі», «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері, «Арқалық қаласының жыл адамы — 2007» атағын алған.
Мұрат
 Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓