“Torgay komek alany” – қолжетімді қызмет

Торғай ауылы әкімінің ғимаратында халыққа қызмет көрсететін арнайы көмек алаңы ашылды. Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында іске асырылған жобаның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың жұмысын ашық көрсетіп, халыққа қолжетімді ету. “Торғай көмек алаңы” деп аталатын фронт-кеңсенің ашылуына аудан әкімі Шота Оспанов, аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Нұрғазин және мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Фронт-кеңселердің қызметі мемлекет пен халық арасындағы кедергілерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты барынша болдырмауға бағытталған. Аудан басшысы Шота Сәбитбекұлы орталық жұмысымен танысып, қызмет көрсету сапасына назар аударды. Сондай-ақ, кеңсе қызметкерлерімен сұқбаттасып, қазіргі төтенше жағдай кезеңіндегі жұмыс жүйесімен танысты. Алдағы уақытта халыққа тиімді әрі жедел қызмет түрін көрсетеді деген сенімін білдірді. Мұндай фронт-кеңсе аудан орталығында ашылған. Қазіргі карантиндік талаптарға сәйкес жұмыстың басым көпшілігі онлайн форматта болғандықтан, әр жерден құжат жинау қарапайым халыққа қиындық туғызатын. Алдағы уақытта бір терезе форматында жасалған көмек алаңынан барлық қажетті сұрақтарына жауап алатын болады.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓