Ардагер ауласындағы мереке

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов Ұлы Отан соғысының ардагері Ділдәбек Нұрышевтың қал­-жағдайын біліп, майдангерді мерекемен құттықтады. Ардагер тұрып жатқан Юбилейный шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйдің ауласында арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мұндай мерекелік концерттер қала бойынша 4­ мамырдан бастап өтіп жатыр.
Қазіргі күні облыс орталығында барлығы отыз үш майдангер бар. Оларға Жеңіс күніне орай жергілікті бюджеттен 1 млн теңгеден берілді. Бұдан басқа ай сайын тұрмыстық қажеттіліктеріне 10 АЕК­-тен төленеді.
­Ардагерлерге көңіл бөліп, қамқорлық жасау – біздің парызымыз. Сондықтан, тек мереке қарсаңында ғана емес, оларға үнемі көмек көрсетуіміз керек. Біз ардагерлер алдында мәңгі қарыздармыз,­ — деді қала әкімі Қайрат Ахметов.
Ділдәбек ақсақал Меңдіқара ауданының тумасы. Тоқсан бес жастағы қария қазір Қостанай қаласында тұрады. 1944 жылы майданға аттанған. Соғыстан кейін Польшада бес жыл әскери қызметте болған. 1950 жылы елге оралыпты. Одан кейін мал шаруашылығына араласып, бар ғұмырын сол салаға арнаған.
Қымбат ДОСЖАНОВА

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓