Ерліктеріңіз мәңгі жадымызда!

Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері! Қадірлі қостанайлықтар!
Жеңіс күні – бірліктің және Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің символы, бұл – болашақ ұрпақтың игілігі үшін өмірін қиған миллиондаған отандастарымыздың естелігі.
Біз қостанайлықтардың Жеңіске өз үлестерін қосқанын мақтан ете аламыз. Біздің облыстан майданға 73 мыңнан астам адам аттанды.
Бүгінгі күні Қостанай облысында Ұлы Отан соғысының 63 ардагері тұрады. Жеңіс күніне орай ҰОС қатысушыларына 1 000 000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленді. Ардагерлер барлық коммуналдық қызметтер мен салықтардан босатылды. Басқа да әлеуметтік жеңілдіктермен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, оларға теңестірілген 6 472 адамға 5 АЕК-тен біржолғы әлеуметтік төлем төленді және ай сайын тұрмыстық қажеттілікке 3 АЕК-тен беріледі.
Еріктілер мен түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері де ардагерлерді назардан тыс қалдырмайтыны қуантады. Олар үнемі ардагерлерге азық-түлік себеттерін апарып, тұрмыстық істеріне көмектеседі.
Ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің өмір жолы – өз елі мен халқына шексіз қызмет етудің үлгісі. Қайта құру жылдарында сіздер Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуіне аянбай еңбек еттіңіздер.
Өкінішке қарай, күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл маңызды күнді атап өту мүмкін емес. Осыған қарамастан, әрбір ардагерге қамқорлықпен, жылулықпен және ықыласпен қарайтын боламыз.
Құрметті ардагерлер!
Сіздердің ерліктеріңіз миллиондаған адамдардың жадында мәңгі қалады. Бұл, әрине, жас ұрпақ үшін ең жақсы үлгі. Сіздерге ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық, республикамыздың одан әрі өркендеуін, әрбір отбасына бейбітшілік пен келісім тілеймін.
А.МҰХАМБЕТОВ,
Қостанай облысының әкімі .

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓