Толғандырған мәселе еді

Шеген ауылы аудан орталығынан 18 шақырым жерде. Ат-көлігі бар адамға алыс емес. Анықтап қарасаңыз, ауылдағы үйлердің шатыры көрініп тұрады. Ауыл тұрғандары күніне екі-үш рет келіп кетеді. Азық-түлік, басқа да қажетті заттарды аудан орталығынан тасиды. Қанша жақын дегенмен жол мәселесі қиындық туғызып келді. Көтерме жол деген аты болмаса, дірілдек. Автокөлікті былай қойғанда, ішіндегі адамдардың сай-сүйектерін сырқыратады. Әсіресе, орта жастан асқан үлкен кісілер үшін өте қиын. Адымдап бассаң жетіп келетін жерге ауыл таксистері 35 минут жүріп келеді. Дірілдек жолдан әбден ығыр болған шегендіктер аудан әкімдігіне шағымданып, жолды қалыпқа келтіруін өтіндік. Жергілікті билік өкілдері өтінішімізді қабыл алып, көтерме жолымызды тақтайдай қылып тегістеп берді. Қазір 10 минутта аудан орталығына келетін болдық. Жолды қалыпқа келтірген жеке кәсіпкер Болат Қосқолов. Ол өзінің барлық техникасын жұмылдырып, үш күн бойы тегістеу жұмыстарын тиянақты жасады. Сондықтан, ауылдық ағайынның және өз атымнан аудан әкімдігіне сеніп тапсырған істі жауапкершілікпен қарайтын Болат Молдахалықұлына шексіз алғысымды білдіремін. Осындай елдік мәселелер ішінара шешіліп жатса, біз де дән ризамыз.
Серік БАЙБЕКОВ,
Шеген ауылының тұрғыны.
Жанкелдин ауданы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓