Жер мәселесімен жүгіне аласыз

Қостанайда «Jer – adaldyq alany» фронт-кеңсесі ашылды. Ұйымдастырушылар – облыстық Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы «Qostanai–Adaldyq Alańy» кеңсесі.Бастамашылардың айтуынша, бұл кеңседе кез келген азамат жер қатынасы саласына қатысты ұйымдық және консультативтік көмек ала алады.
"Жұмыстың мұндай форматына көшуге мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы байланысты жеңілдете, жақындата түсу идеясы түрткі болды. Мұнда білікті мамандар халыққа ашық және қолжетімді консультативтік көмек береді, — дейді «Qostanai–Adaldyq Alańy» кеңсесінің жетекшісі Анжела Әлжанова. — Аталмыш Аталған фронт-кеңседе жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына келіп түсетін өтініштер қаралады". Айта кету керек, мұндай фронт-офистер өткен жылы облыстың барлық қалалары мен аудандарында ашылған еді. Бүгінде қалалық және облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдар да осы жұмыс форматына көшуде. Кеңселердің қызметі әлеуметтік маңызы бар салаларды қамтиды. Онда азаматтар көбінесе мемлекеттік қызметтерге қатысты көмек алу үшін немесе  мамандардың тегін консультацияларына жүгінеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓