Кәсіпорын үлесі – мың түп көшет

Жітіқара ауданында «Қостанай минералдары» АҚ қызметкерлері мыңнан астам көшет отырғызды.
«KM GREEN» экологиялық акциясы аясында аудандағы «өнеркәсіптік аймақ» жолының бойында пирамидалық терек, ал тал, қарағаш көшеттері, сары акация және қарақат отырғызылды.
Акцияға кәсіпорын ұжымы, әкімдік өкілдері, еңбек ардагерлері, аудан жастары және спорт активі атсалысты. Алдағы бес жылда кәсіпорын 10 мың түп ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Бұл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді көгалдандыру жөніндегі «Таза табиғат» бастамасын іске асыруға компанияның қосқан үлесі.
Жітіқара билігі де қаланы көгалдандыру жұмыстары белсенді жүріп жатқанын мәлімдеп отыр. Осы жолы да бизнес және әкімдік өкілдері Жітіқара қаласының айналасында жасыл белдеу құру жұмысын бастауға уағдаласты.
Көгалдандыру іс-шарасы дәстүрлі сенбілік барысында өтті. 
«Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау — «Қостанай минералдары» АҚ-ның стратегиялық басымдығы. Отырғызылған ағаштар –  кәсіпорынның аймақ экологиясына қосқан үлесі», — дейді «КМ» АҚ басқармасының төрағасы Ербол Нұрқожаев.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓