Кәсіптің көзін тапқан

Арқалық қаласында шаруасын дөңгелентіп отырған табысты жандардың бірі –  жеке кәсіпкер Роза Танашова. Жоғары білімді қаржы маманы кәсіпкерлікпен көптен бері айналысып келеді.
Еңбегі жеміссіз емес. «Қазақстанда жасалған қазақстандық тауар өндірушілер» көрмесінің дипломымен марапатталып, Назарбаев университетінің топ менеджменттік сертификатының иегері атанған. Арқалық қаласының атынан Қазақстанның «Алтын кітабына» енді.
Өткен жылы «Даму» қоры арқылы тағы да 5 млн теңге грант ұтты. Бұл жолы жақында қаладан «Спелеокамера» ашты. Оңтүстік Кореядан қажетті қондырғылар жеткізілді.
Роза Танашова,
кәсіпкер:
  — Бұл барлық адамның денсаулығына 100% пайдасы бар денсаулық орталығы болып саналады. Мен осындай ойға алған істерімізді жүзеге асыру үшін үкімет тарапынан жыл сайын кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп жатқанына дән ризамын. Алдағы уақытта да осы кісілермен қарым — қатынасты үзбей жақсы сападағы қондырғыларды алып жұмыс ауқымын ұлғайта түспек ниетіміз бар.
Ким Ханнама,
Оңтүстік Кореялық «Джей групп» компаниясының президенті:
  — Маған сіздердің қалаларыңызда спелеокамераны қоюға мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Бұл аппарат тұрғындардың денсаулығын жақсартуға көмегін тигізеді. Тұз адам өміріне аса қажет.  Тағамның онысыз дәмі кірмейді. Алайда, мен термен бірге адам бойындағы токсиндерді шығарудың тәсілін ойлап таптым. Ағзаға дұрыс, жақсы тұз қажет.  Міне, сол сапалы тұзды жеткізіп отырмыз. Корея мемлекетінің жер көлемі шағын болғанымен, жан-жағы теңіздермен қоршалған. Күннің көзі мен жақсы теңіз суының қосылысынан осындай өте сапалы тұз түзіледі. Бұл тұзда адам ағзасын қуаттандыратын минералдар мол.
Базархан Айтжанов,
қала тұрғыны:
 — ЖаҺандық құрылғының келгенін естіп, жұбайымыз екеуміз осында жетуге асықтық. Көз арқылы аурудың диогнозын қойып, ем алып жатырмыз. Асқазан, бауыр, т.б. ауруларды емдейді. Кеше ток алдық. Бүгін тұзды парға түсіп жатырмыз. Денені жібітіп, бойдағы құрыс-тырыстың бәрін кетіреді. Адам денсаулығына пайдасы зор екен. Өзімізді жақсы сезініп қалдық.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓