Саяси партиялар құттықтауы

Қымбатты Қостанайлықтар!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бізді қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет – ел бірлігі. Бұл – кемел келешекке бастайтын бірден-бір дұрыс жол. Сондықтан, ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, еліміздегі тұрақтылық пен береке-бірлік үшін барлығымыз бірдей жауаптымыз», — деп айтқан болатын.
Біз – ортақ мақсаттың, ортақ мүдденің және ортақ болашақтың аясында өмір сүретін елміз. 30 жыл бойы біз мемлекетімізде бейбітшілік пен келісімді сақтай алдық. Барлық ұлыстардың бірлігіне негізделген қазақстандық жол – ұлттық табыстың шынайы белгісіне айналды. Бұл, әрине, әрқайсымыздың зор ынта-жігеріміз бен біртұтастығымыздың нәтижесі.
Қостанай облысы – Қазақстандағы ең көпұлтты аймақтардың бірі және біз оны мақтан тұтамыз. Өйткені, бізде өзара құрмет, тату көршілік және өзара көмек көрсетудің берік дәстүрлері орныққан. Бұл – тарихи тұрғыдан алғанда бізге Ұлы Отан соғысы және саяси реформалар арқылы жеткен мұра.
Бұның барлығы – есімдерін еліміздің шежіресіне алтын әріптермен өшпестей етіп, жазып кеткен біздің ата-бабаларымыздың алдындағы өтелмес парызымыз.
Бұл мұраны тек жауапты азаматтық қоғам ғана сақтап, арттыра алады. Бүгінгі таңда біз ұрпақтар сабақтастығын нығайтуда, жаңа ұлттық бірегейлік пен тарихи әділеттілікті қалпына келтіруде ерекше рөл атқару үшін қажетті ресурстарға, ең бастысы, адами әлеуетке иеміз.
Құрметті жерлестер! Біз, Қостанай облысының саяси партияларының өкілдері, Сіздерді Бейбітшілік және келісім мерекесімен құттықтап, дендеріңізге саулық, мол бақыт, зор табыс және ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі мен гүлденуін тілейміз!
 
«Nur Otan» партиясы облыстық
филиалы төрғасының бірінші
орынбасары Күзенбаев Э.Қ., 
Қазақстан халық партиясы
облыстық комитетінің бірінші
хатшысы
Коваль А.П.,
«Жалпыұлттық социал-
демократиялық партиясы»
облыстық филиалының төрағасы
Богатырев С.А.,
«Ақ жол» ҚДП облыстық
филиалының төрағасы
Жұтаев М.С.,
«Ауыл» ХДПП облыстық
филиалының үйлестірушісі
Күйшінова А.М.,
«Adal» партиясы облыстық филиалының
төрағасының бірінші орынбасары
Салауатов А.Н. 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓