Өрттен әйел адам көз жұмды

Қостанай қаласында Қобыланды батыр даңғылында кездейсоқ өтіп бара жатқан адам бес қабатты тұрғын үйдің кіреберіс терезесінен түтін шығып жатқанын көріп қалған. Бұл туралы ол «101» нөміріне хабарлаған. Бұл туралы  Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
Санаулы минутта оқиға орнына Қостанайдың 1-МӨСБ 11 қызметкері келіп, АЦ-40 екі өрт сөндіру автоцистернасы жеткізілген. Төртінші қабаттағы бір бөлмелі пәтер жанып жатқан. Жалын бүкіл бөлмеге таралды. Өрт аумағы 30 шаршы метр.
 «Өртті ауыздықтау кезінде құтқарушылар 52 жастағы пәтер иесінің денесін тапты. Қалың түтін кіреберістің жоғары қабаттарына жайылды, сондықтан құтқарушылар 18 адамды хабардар етіп, эвакуациялады. Сонымен қатар төрт тұрғынды, соның ішінде сәбиді аулаға алып шықты», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
  «Қазір болған өрттің неден шыққаны анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жаудың тууына темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдалану себеп болған», — деп қорытындылады ТЖД баспасөз қызметі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓