Баспасөз орталығы құрылды

Бүгін «Ақжол» ҚДП онлайн форматында өткен брифингте сайлау кезеңінің қорытындысын жариялап, облыстық филиалдың баспасөз орталығы құрылатыны мәлім болды.
Брифингке Қостанай қалалық мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты Әділхан Мұқанов пен Қостанай облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы жастар қанатының төрағасы, «Ақжол» ҚДП ҚОФ баспасөз орталығының өкілі Әсел Ақан қатысты.  
ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлауда облыстық филиал атынан депутаттыққа барлығы 56 кандидат ұсынылып, нәтижесінде 29 өкіл депутаттық мандатқа қол жеткізген. Бұл – еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда жоғарғы көрсеткіш.
–Еліміз үшін 2021 жылдың басы маңызды оқиғамен басталды. Атап айтар болсақ, ҚР Парламент Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқаны өтті. Біздің кандидаттарымыз облыс аумағында 600-ге жуық үгіт- насихат іс-шарасын өткізді, оның ішінде еңбек ұжымдарымен 250 кездесу өтіп, 34 мыңға жуық үгіт парақтары, облыстың барлық өңіріндегі маңызды көшелер мен жолдар бойына 23 баннер ілінді. Үгіт-насихат іс-шараларының ең маңыздылары жергілікті және республикалық БАҚ-та жарияланды. Депутаттардың ең көп саны Қостанай облыстық мәслихатында, Қостанай және Рудный қалалық мәслихаттарында 3 депутаттан, қалған өңірлерде бір-екі өкілдеріміз бар. Сайланған әр депутаттың ресми өкілеттік мерзімі – 5 жыл. Бірақ біз қазіргі уақытта мәслихаттарға кірмегендердің барлығы жақын арада депутат болу құқығын пайдалана алуы үшін алдымызға зор міндет қойып отырмыз. Депутаттыққа үміткерлердің арасында бірнеше ай бұрын біздің қатарымызға кірген жас партия мүшелері бар. Сайлаған депутаттардың арасында 43%-ы – нәзік жандылар, 57 %-ы – ерлер, жастар 30 % құрайды. Облыстық филиалдың баспасөз орталығы өз жұмысын бастады. Филиалдың баспасөз хатшылығына Әсел Хасенқызы Ақан тағайындалды,– деді Әділхан Бағдатұлы.
Сондай-ақ, облыстық филиалдың «aqzhol-kst.kz» жеке сайты іске қосылды. Сайт арқылы партияға мүше болуға ынта білдірген азаматтар үйінен шықпай-ақ анкета толтырып, мүше бола алады. Бұл, бір жағынан, партия мүшелерінің нақты санын анықтауға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, партия атынан сайланған әрбір депутаттың жеке блогы ашылып, азаматтарды қабылдау, мәселелерін қарауға зор пайдасын тигізбек. 
– «Ақ Жол» ҚДП ҚОФ баспасөз орталығының басты міндеті – БАҚ-қа ақпарат жинақтау, сондай-ақ әлеуметтік желілерде БАҚ-та саяси платформаны танымал ету. Өткен аптада aqzhol-kst.kz сайты іске қосылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі жеке парақшалар мен аккаунттар бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сайтта сіз әр депутат туралы қажетті ақпарат алып, байланыс мәліметтерін, жеке блогын және т.б. деректер таба аласыз. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға хат жазсаңыздар да болады. Сондай-ақ, біздің партиямызға қатысты сұрақтар болса, 53-61-01 телефон нөміріне хабарласа аласыздар, – дейді Әсел Хасенқызы.
 
Әсел ҚИБАШ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓