Тазалық айлығы басталды

   Лисаков қаласында қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша екі айлық басталды. Бұл шара 15 сәуірден бастап 18 маусымға дейін жалғаспақ. Осы уақыт ішінде Лисаков тұрғындары қаланы қоқыстан тазартып, оны тәртіпке келтіруі тиіс. Барлық шағын аудандарда тазалық шаралары жүргізілуде. Алда ағаштарды, бордюрларды ақтау, қоршауларды сырлау, ғимараттар мен құрылыс нысандарының қасбеттерін қалыпқа келтіру, сондай-ақ қала аумағында гүл отырғызу жұмыстары күтіп тұр.
  «Біз әрқайсымыз өз ауламызды, көшені, қаланы таза ұстауға тырысуымыз қажет»,- деп Лисаков қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Надежда Патрикеева атап өтті.
    Надежда Патрикеева барлық меншік нысандарының, бизнес объектілерінің басшыларына, сондай-ақ Лисаков тұрғындарына бекітілген және олардың кеңселеріне, үйлерінің аумақтарын тазалық жасауға шақырды. Сонымен қатар, ол коттедж құрылысының тұрғындарына өз учаскелерін тәртіпке келтіру керектігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл маңайда көптеген жылдар бойы құрылыс қоқыстары жинақталып қалған. Мұның бәрін ретке келтіріп, қоршауларды түзетіп, қажет болған жағдайда бояу керек. Биыл жергілікті полиция қызметімен бірге құрылыс жұмыстары жүріп жатқан орындарға мониторинг жүргізетін болады. Немқұрайлы қараған тұрғындар әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.
   Қазір моно шаһарда тұрмыстық қалдықтарды шығаруға келісім-шарт жасау мәселесі өткір тұр. Коттедж құрылыстарында барлығы 261 тұрғын үй пайдалануға берілсе де, тұрғындардың 148-і ғана қоқыс шығаруға келісім-шартқа отырған. Қалғандарының қоқыстары қайда кететіні белгісіз. Олар далаға немесе жақын жердегі карьерге төгеді деген сөз. Оларға айыппұл салынуы мүмкін.
   Айта кетейік,  биыл шағын шаһарды абаттандыру үшін 1000 түп ағаш отырғызуға 1,5 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, жергілікті билік өкілдері Майлин станциясы ауданындағы полигонды жоюға бір миллион теңге көлемінде қаражат бөліп отыр.
    Лисаков қаласы.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓