Органдардың олқылығын сынға алды

Қостанай облысының кейбір мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анық байқалса да, оларды әшкерелеуге ұмтылыс жоқ. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Агенттік төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева мәлімдеді.Оның айтуынша, кейбір өңірде ішкі талдау жүргізу кезінде бірде-бір сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған жоқ. Бұл, ең алдымен, мемлекеттік органдардың жұмысына формалды тәсілдемелерді және бірінші басшылар мен өңірлер әкімдерінің жауапкершілік деңгейінің төмендігін көрсетеді.
Сонымен қатар, төрағаның кеңесшісі қатысушылардың назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңа нормаларына аударды. Олар бірінші басшылардың тек қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық үшін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдағы құқық бұзушылықтардың өсу статистикасы үшін де жауапкер болуы тиіс.
Мұндай фактілерді болдырмауға тек жаппай алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ғана мүмкіндік береді.
Комиссия отырысында мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспарларды орындау сапасы мәселелері де талқыланды. 
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмысын күшейту қажеттігін атап өтіп, барлық деңгейдегі басшыларға қысқа мерзімде күллі кемшіліктерді жою үшін тиісті шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.Агенттік төрағасының орынбасары Дмитрий Малахов, төраға кеңесшісі Жазира Жылқышиева және қоғам қайраткері Сәдібек Түгел Қостанай облысына жұмыс сапарымен келгенін естеріңізге саламыз. Негізгі мақсат – кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тұрғындармен, ұжымдармен кездесу, азаматтарды қабылдау. Сапар қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірленетін болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓