Қостанай «сары» аймақта

Қостанай облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «сары» аймаққа көшті. Бұған Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері дәлел бола алады.
«Қызыл» аймақта сегіз өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
«Сары» аймақта жеті өңір бар: Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстары.
«Жасыл» аймақта екі облыс: Түркістан мен Шығыс Қазақстан.
Бүкіл ел бойынша орташа көрсеткіш Қазақстанды «қызыл» аймаққа жақындатты. Карантин шектеулерінің күшеюі немесе әлсіреуі алдағы жағдайға қарай белгілі болмақ.
Облыстың «сары» аймаққа өтуіне байланысты қандай да бір шектеу шаралары енгізіле ме, жоқ па, әлі белгісіз. Шешімді жедел штаб қабылдайды.
Асыл ҚАСЫМ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓