«Жыр алыбы – Жамбыл»

Осындай атаумен Ш.Уәлиханов атындағы №1 мектепте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жампоз ақын Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай оқушылар арасында қашықтан жас ақындар мүшайрасы өткізілді.
Рухани шараның басты мақсаты – сөз мәйегін кие тұтқан абыз жыраудың шығармашылығын, рухани бай мұрасын жас ұрпаққа насихаттау.
Байқауға 21 үміткер қатысып, жас талаптардың қадамына белгілі айтыскер ақын А.Қалиев сәттілік тіледі. Мектеп оқушылары, ата-аналар, ұстаздар көрермен ретінде қамтылды. Нәтижесінде, бас жүлдені бастауыш буында 4 «А» сынып оқушысы А.Ғабдылғамит иеленсе, орта буында 6 «А» сынып оқушысы А.Зілғараева, жоғары буында 8 «Б» сынып оқушысы С.Құдайберген жүлделі орындардан көрінді.
Жүлдегерлер мадақтама және ақшалай сыйлықтармен, жетекшілері дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі байқауға демеушілік көрсеткен мектептің «Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Г.Нұрғожина, мүшелері Б.Қаржауова, Б.Тұтқышов, Г.Құрбанова және С.Кәкенова, А.Сарымсақова, Г.Бимахан, О.Нурғалиева, Ж.Көкішева, Т.Байахмет сынды ұстаздарға алғыс білдірді.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓