Сіздің жетістігіңіз – біздің абыройымыз!

Жаңа сын-қатерлер кезеңінде мамандар даярлау сапасын арттырудағы өңірлік университеттердің рөлі жайында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті ректорының, басқарма төрағасының міндетін атқарушы Алма Дощанова "Қостанай таңы" газетіне берген сұхбатында айтып берді.
– Алма Іргебайқызы, Сіз өңірлік университетті басқарасыз. Оқу орнының тарихы қандай? Әлде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті ұлттық білімнің жаңа парағы ма?
– Әр жаңа дүниенің де өзіндік тарихы бар. Өңірлік университет А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ мен Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің бірігуінің арқасында 2020 жылы құрылды. Оқу орнының жалпы тарихы 82 жылға жуық уақытты қамтиды. Осы уақыт аралығында оқу ордасының атауы мен мәртебесі бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Мәселен мұғалімдер институты, педагогикалық институт, мемлекеттік университет деп аталды, қазір өңірлік университет деген атауға ие. 2000 жылы Қостанай мемлекеттік университеті және КСРО-дағы үздік аграрлық университеттердің бірі – Қостанай ауылшаруашылық институты біріктірілді, ал 2004 жылы Қостанай мемлекеттік университеті мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты бөлінді. Бәлкім, пандемия кезеңінде мұндай көпсалалы университеттің құрылуы жақсылықтың белгісі болар. Бұл өзгеріс жаңа заманның жаңа талаптары мен мүмкіндіктеріне жауап беру жолындағы лайықты қадам деп ойлаймын. Сонымен қатар, университет коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде инновациялық білім беру бағдарламалары мен жаңа даму стратегиясына, академиялық және қаржылық тәуелсіздіктің жаңа мүмкіндіктеріне ие. Университет үлкен өзгерістер дәуірінде бірігу, шығындарды оңтайландыру және кірістерді әртараптандыру арқылы болашаққа нық сеніммен қадам басады.
Тарих адамдардың есімдерімен байланысты, оны жазатын да адам. Біздің университеттің тарихы мұғалімдер институтының алғашқы директоры И.Найденов, ауылшаруашылық институтының алғашқы ректоры П.Чужинов, Мемлекеттік университеттің бірінші ректоры З.Алдамжар, оқу ордамыздың құрметті профессорлары С.Қолдыбаев, Қ.Жақып, А.Шаяхмет, В.Пионтковский, Г.Бикташева, Ш.Саркисян, Д.Найманов сияқты құрметті азаматтардың есімдерімен байланысты. Олардың жанқиярлық, адал еңбегі университетті жаңа белестерге жетеледі.
– Ел экономикасының деңгейі аймақтардағы экономикалық жағдайға тікелей байланысты, келісесіз ғой?! Өңірлік университеттердің жұмысы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін анықтауға, экономика мен әлеуметтік-мәдени ортаның қажеттіліктерін аймақтық деңгейде де қанағаттандыруға бағытталған. Білім-нің маңыздылығы артып келеді. Оның маңыздылығы пайдалы қазбалар, энергетикалық ресурстар, инвестициялармен бір деңгейде. Басқаша айтқанда, өңірлік университет инновациялық әдістерді қолдана отырып, жоғары сапалы классикалық білім беретін менеджмент және ғылыми зерттеулер саласындағы инновациялық тәсілдерді дамыту орталығы болуы керек. Бұл мәселені шешу үшін бір жыл жеткіліксіз, әрине. Дегенмен осы бағытта сіз басқарып отырған университеттің даму траекториясы таңдалды ма және қандай қадамдар жасалды?
– Экономист ретінде айтарым, ел экономикасының деңгейін әрқайсымыз адал еңбектің, өзіміздің дамуымызға құйған инвестицияның көлемімен айқындаймыз. Бұл елдің дамуына қосқан үлесіміз деп те санауға болады.
Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Бұл ақыл тоқтатқан, өмірлік тәжірибесі бар адамның жасы. Осы жылдар аралығында жоғары білім де көп өзгерді: жекешелендіру, жеке университеттердің үлкен желісін құру, білім беру стандарттарының бірнеше рет өзгеруі. Жаңа заңдар шығарылды, білім сапасына жаңа талаптар қойылды. Біз Болон процесінің кеңістігіне кірдік. Цифрландыру, компьютерлендіру кезеңдерінен өттік. Студенттердің жұмысы мен пәндер ауқымын, барлық жазбаша жұмыстарды плагиатқа тексеруді басқа шкала бойынша бағалай бастадық. Солай біз білім экономикасы мен Индустрия 4.0-ге жақындадық.
Бүгінгі жоғары білім – бұл бәсекеге қабілетті орта. Меншік формасына қарамастан, барлық азаматтық университеттер өзіндік үлгідегі дипломдармен қоса, бірдей ережелер бойынша жұмыс істеуі керек. Алайда, елде университеттер тым көп, ал академиялық адалдыққа негізделген бәсекелестік әділеттіліктен алыс. Басында өңірлік университеттер құрып, содан кейін олар академиялық шеберлік орталықтарына айналған кезде инновациялық орталықтарды қалыптастырудың екі сатылы моделі жағдайды түбегейлі өзгертуі керек. Материалдық-техникалық базасын модернизациялаған өңірлік жоғары оқу орындары аймақтық экономиканың өсуін қамтамасыз ете алады. Айтпақшы, Қазақстанның 4 жоғары оқу орны ғана өңірлік мәртебеге ие болды. Бұл құрметті атақ, бірақ бұл бізді аймақтың дамуына одан да көп үлес қосуға міндеттейді.
Біз өңірлік әртараптандырылған университеттердің ұлттық рейтингінде жетекші орындарға ие болуға тырысамыз. Кайзен философиясын ұстана отырып, бизнес-процестерді толығымен өзгерту арқылы басқару жүйесін стратегиялық өзгерттік. Университеттің имиджі оның әрбір қызметкері мен студенттеріне байланысты екенін түсіне отырып, біз корпоративті мәдениетті қалыптастырамыз.
"ЖОО, колледж, мектеп, мектепке дейінгі ұйымдар" ғылыми-білім беру педагогикалық кластері түрінде педагогикалық білім берудің инновациялық моделін жасадық және осы үрдісті енгізіп жатырмыз. Инклюзивті білім беру орталығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге қолдау көрсетеміз. Диссерта-циялық кеңес ашылды. 1024 орындық бес жатақхана салыну үстінде. "Камаз" ЖАҚ-мен бірге үкіметаралық деңгейде қолдау тапқан инжинирингтік орталықтың жобасы жүзеге асырылуда. Біз аймақтық Smart-орталықты жаңа формациядағы кәсіпкерлерге арналған бизнес-инкубатор ретінде дамытып жатырмыз. TEMPUS, ERASMUS, ERASMUS + білім сапасын арттыру жобаларын жүзеге асыруда ұлттық көшбасшы мәртебесін сақтап келеміз. Егде жастағы адамдарға әр түрлі салада жаңа құзыреттіліктерді игеруге мүмкіндік беретін "Күміс университет" жобасын іске қос-тық.
Жасалған қадамдарды әлі де тізіп айта беруге болады. Ең бастысы – қалыптас-қан динамиканы сақтап қалу керек деп ойлаймын. Академиялық шеберлік орталықтарын құру жобасы осындай мүмкіндіктер береді.
– "Университет пен жұмыс беруші" арасындағы әрекеттестіктің қандай модельдері қазір жүзеге асырылып жатыр, уақыт сынынан өткендері бар ма? Бүгінгі еңбек нарығына жақындықтарыңыз қаншалықты? Білімді қолданбалы, практикалық және коммерциялық пайдалану дағдыларын дамыту барысында академиялық білім негіздерін сақтап қалуға мүмкіндік беретін тетіктерді таптыңыздар ма?
– Соңғы жылдары грант бағасы, мұғалімдердің жалақысы мен шәкіртақы өсті. Ұйымдық-құқықтық форманың өзгеруіне, яғни оқу орнының коммерциялық емес акционерлік қоғам болып өзгеруіне байланысты оқытушылар мен қызметкерлерді материалдық ынталандыруға қосымша мүмкіндік туды. ҚӨУ-де 20 жылдан бері қолданылып келе жатқан қызметкерлерді ынталандырудың рейтингтік жүйесі де өзара әрекеттесу тиімділігінің артуына ықпал етеді: қосымша төлемдер деңгейін ресми жалақымен теңестіруге болады.
Оқудағы негізгі процестердің барлығы дерлік жұмыс берушілердің қатысуымен өтеді. Ашық және нәтижелі ынтымақтастық дәстүрге айналды: университет білім беру бағдарламасын жасаудан бастап, түлектерді жұмысқа орналастыруға дейінгі мәселені өндіріспен бірігіп шешеді.
Университет пен еңбек нарығының жақындасу дәрежесін түлектерге деген сұраныспен бағалау керек деп санаймыз. Естеріңізге сала кетейін, Қостанай облысы – шекаралас аймақ, сондықтан түлектердің бір бөлігі дипломын алғаннан кейін Ресейге жұмыс істеуге немесе оқуға кетеді және жұмыспен қамтуды бағалауға қатыспайды. Сонымен қатар біз пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеу саласы мамандарын дайындамаймыз (бұл – талапкерлер үшін тартымды сала және аймақ экономикасының негізі). Соған қарамастан жұмыспен қамтылған ҚӨУ-нің түлектерінің үлесі орташа республикалық деңгейден 10-15% жоғары. Еңбек нарығына жақындық деп осындай көрсеткіштерді айтуға болатын шығар?!
Тек биылғы оқу жылының өзінде өңірлік Smart-орталығының алаңында 10-ға жуық стартап жоба іске асырылды. Тұрақты бизнес-жобалар сайысының жеңімпаздары өз идеяларын жүзеге асыру үшін қаржылық қолдау тапты.
Жақында кондитерлік алпауыт "Баян-Сұлу" АҚ-ы ұйымдастырған "даму бағдарламасын" әзірлеуге арналған байқау аяқталды. Фабрика басшысы мен кәсіп-орынның білікті мамандарынан құрылған қазылар алқасына үздік жобаны таңдау қиынға соқты. Сондықтан біздің маркетолог-студенттер ұсынған жобалардың арасынан үш бірдей үздік жоба таңдалып алынды. Авторлары жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды және сыйақы алды, ал жобалардың үшеуі де іске асырылады деп шешілді.
Білімді тәжірибеде қолдану дағдылары өндірістегі тәжірибе-сабақтар барысында, педагогикалық, зерттеу, кәсіптік тәжірибелерде де жинақталады. Кәсіби сертификаттау бағдарламаларының тізімі кеңейіп келеді. Сабақтарды икемді жоспарлау тетіктері қарастырылды, бұл студенттер мен оқытушыларға өндіріс атмосферасына толығымен енуге мүмкіндік береді. Әрине, мұндай қарқынды өзара әрекеттестік жұмыс берушілермен тек қағаз жүзінде емес, шынайы серіктестік болған жағдайда ғана мүмкін. Байтұрсынов университетінде шынайы серіктестік бір жолға қойылған.
– Білім беру үрдісінің ресми көрсет-кіштері нақты білім нәтижесіне сәйкес келе бермейді деген пікірмен келісесіз бе? Бұл мәселе Сізді, университеттің басшысы ретінде толғандырады ма?
– Егер білім нәтижесінің көрсеткіші баға деп есептелсе, келісетін шығармын. Оқу барысында субъективті тұстар да болады. Мәселен, бірі ойын ауызша жеткізуге қиналса, бірі жазуға қиналады, енді біріне шектеулі уақыт кедергі болады.
Не болмаса түлектердің еңбекақы мөлшерін оқыту тиімділігінің көрсеткіші ретінде қабылдайтын болсақ, айтарым: еңбекақы мөлшері әрдайым сай келе бермейді. Менің ойымша, әлемде шын жүректен: "менің табысым менің нақты біліміме толық сәйкес келеді", – деп айта алатын адам аз.
Егер бұл мәселеге басқа тұстан қарайтын болсақ, нақты білім дегеніміз не? Белгілі бір пән бойынша немесе қызмет бағыты бойынша білім бе, әлде дүние-жүзілік құрылым туралы жалпы білім бе? Оны қалай анықтауға және бағалауға болады? Олар қаншалықты маңызды? Әлемдік тенденция, студенттерде soft skills, бейресми дағдыларды қалыптастыру мансаптық табыстың алғышарты емес пе?! Кәсіби дағдылар, мәселелерді шеше білу – білікті маманның көрсеткіші. Яғни, бар білімді қолдану, осал тұстарын толықтыру дегенге саяды. Ақыры керекті білімі бар және оны тиісті жерде, уақытында қолдана алатын топ құру маңызды.
Бұл дағдыларды ресми көрсеткіштер логикасын жоғалтып алмай, біздің студенттерде қалай қалыптастыруға болады?! Міне осы мәселе маңызды.
– Бүгінгі жоғары білім беру жүйесінің негізін қалаушы Вильгельм фон Гумбольдт нағыз ғалым ғана жоғары оқу орнының оқытушысы бола алады деп есептеді. Мұндай талаптың біздің цифрлық дәуірдегі отандық профессураға қатысы бар ма?
– Құрылтайшылардың пікірлері әрқашан өзекті. Бірақ әр пікір нақтылауды қажет етеді, тұрғылықты жеріне де байланысты.
Фон Гумбольдтің білім жүйесі ағартушылықтың еркіндік сүйгіш идеяларына негізделген. Ол кезде жоғары білім элиталық болды және оны туғаннан білім алу құқығына ие дворяндар немесе капитал құқығы бар буржуазия алды. Нағыз ғалым классикалық білім алған (яғни міндетті түрде грек және латын тілдерінде бірқатар дәрістерге қатысқан) және университеттен тыс жерлерде де ғылыми зерттеулермен айналысатын адам болып саналды.
Бүгінгі таңда ғалымдарға зерттеу жұмыстарынан басқа да талаптар қойылған. Мысалы олардың еңбектері лайықты басылымдарда көпшіліктің назарына ұсынылуы, талқыға түсуі қажет. Сондай-ақ зерттеу нәтижелерін коммерциализациялау мүмкіндігі болуы керек, топтық жұмыс дағдылары қажет, әсіресе халықаралық деңгейдегі, жеке зерттеуші деген ұғым ұмыт болды. Ең дұрысы, ғалымның өз саласында заманауи кәсіби тәжірибесі болғаны шарт. Ал цифрландыру ғалымға әлемнің ғылыми білімінің мәнін сақтай отырып, жаңа технологияларды береді, зерттеу құралдарын жаңартады.
Қазір "өмірлік білім" парадигмасы – "өмір бойы білім алу" деген ұстанымға өзгергенін ұмытпаңыз. Корпоративті университеттердің тиім-ділігі білім беруде бизнес-жаттықтырушылар мен кәсіптегі мамандардың рөлі нағыз ғалымдардың маңыздылығынан кем емес деген пікірді растайды.
Бір белгілі жаттықтырушы журналистке жақсы футболшы қандай болуы керек екенін сипаттайды. Футболшы ұстамды, тәртіпті, сыпайы және жаттықтырушысының барлық талаптарын орындауы қажет дейді. Сонда журналист: "мұндай футболшылар бар ма?" деп сұрайды. Ал жаттықтырушы ондай футболшылар өте көп екенін, тек олар футбол ойнай алмайтынын айтады.
Нағыз ғалым, әрине, жоғары мектептің мұғалімі бола алады, болуы керек те. Алайда, бүгінгі жоғары мектеп – жаппай құбылыс болып кетті және егер сіз ондағы оқытушылардың тек нағыз ғалымдар болуын талап етсеңіз, Вильгельм фон Гумбольдтің пруссиялық білім беру кезінде өткізген реформаларынан гөрі ауқымды реформалар жүргізуге тура келеді. Сонымен қатар мұндай реформалардың нәтижесі отандық және жаһандық білім берудің соңғы отыз жылдағы барлық жетістіктерін жоққа шығарады.
– Білім және ғылым министрлігі мұғалімнің белсенділігі мен танымалдылығының негізгі көрсеткіші ретінде Хирш индексін енгізу туралы бастамасы өте қажет қадам. Сіздің оқытушыларыңызда жарияланымдарын жиі шығарып тұру қажеттілігі туындады ма, әлде олар оны ауыр міндет деп санайды ма?
– Бүгінгі таңда Хирш индексі бүкіл әлем ғалымдарының өміршеңдігін анықтайды. Бұл ғалымның мақалаларының санын және олардың таралу көрсеткішін біріктіреді. Әрине, біздің университет оқытушыларының белсенділігі артты. Егер бұрын ғалымдар ғылыми мақалаларын конференция жинақтарында ойланбастан жа- рияласа, қазір оларда жинақ ғылымиметрикалық мәліметтер базасында индекстеледі ме деген сұрақ туындайды. Бұл жарияланымдардың анықтаушы факторы. Соңғы 5 жылда оқытушылар өздерінің жарияланымдарын Web of Knowledge, Springer, Scopus деректер қорында индекстелетін басылымдарға шоғырландыруда.
Қостанай өңірлік университетінде қазір "3i: интеллект, идея, инновация", "ҚМПИ хабаршысы" ғылыми журналдары бар, олар РҒДИ деректер базасына (Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі) енгізілген, бұл көрсеткіш авторлардың жарияланымдық белсенділігіне әсер етеді. ҚР БҒМ талаптарына сәйкес ғылыми басылымдардың жұмысына Хирш индексі бар немесе халықаралық деректер базасында, не болмаса отандық дәйексөз жүйелерінде еңбектері жарық көрген редакциялық кеңестің мүшелері мен рецензенттер тартылуы тиіс.
Индекс ұлттық ғылыми кеңестерде жұмыс істеу, зерттеу гранттарын алу, ғылыми бастамаларды жүзеге асыру үшін қажет. Бұл, сайып келгенде, зерттеушінің жеке брендінің сандық бағасы.
Мұның бәрі ғалымның Хирш индексін көтеруге деген саналы қажеттілігін растайды.
– Қазір ата-аналар мен мектеп түлектерінің алдында жақсы білім беретін, лайықты университет және сұранысқа ие мамандықты таңдау міндеті тұр. Жоғары оқу орындары арасында талапкерлер үшін тартыс басталды. Мектеп түлектеріне, олардың ата-аналарына айтарыңыз бар ма? Олар не үшін Қостанай өңірлік университетін таңдауы керек?
– Байтұрсынов университеті – тарихы мен дәстүрі бар жоғары оқу орны. Біздің түлектердің арасында өз ісінің мықты кәсіпқой мамандары: сенаторлар мен тележүргізушілер, әкімдер мен журналистер, ірі фирмалардың меншік иелері мен басшылары, бас инженерлер, еңбек сіңірген педагогтар бар. Оқу ордасының білім беру сапасы "Атамекен" ҰКП рейтингісінің нәтижелерімен, университет брендінің Қазақстанда және одан тыс жерлердегі танымалдылығымен, "Euro Ace Label" үздік еуропалық тәжірибеге сәйкестік белгісімен расталады.
Біз өндіріс орындарында тәжірибеге негізделген сабақтар өткіземіз, түлектерді өңірдің жетекші кәсіпорындарына жұмысқа орналастырамыз, өндірістік тәжірибеге жібереміз.
Дрондармен, метеорологиялық бағдарламалармен жұмыс істейтін, аграрлық өндірістің әлемдік көшбасшыларының тәжірибесін іске асыра алатын, цифрландырылған агроном мамандарды дайындаймыз. Сонымен қатар мехатрониктерді, робототехниктерді, логистерді әзір-лейміз. 170-тен астам бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бар.
Айтпақшы, пандемия күтпеген жанама әсерге әкелді – орташа қалыптағы адамның биоло-гиялық білім деңгейі айтарлықтай өсті. Сарапшылар биотехнолог, вирусолог мамандарға сұраныс өседі деген болжам айтады. Осыған байланысты, біздің ғалымдарымыздың қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтының бірегей жабдықтарында жүргізетін зерттеулері әлі де биологиялық цикл бағдарламаларының ілгері деңгейін қамтамасыз етіп отырғанын атап өткім келеді.
ҚӨУ-нің артықшылықтары көп. Солардың аз ғана тізімі: кәсіби жаттықтырушылары бар тегін спорт секциялары, ғылыми-зерттеу топтары, би студиясы, студенттік театр, көңілді тапқырлар клубы, жайдарман клубы, таланттарға арналған гранттар, жеке медициналық орталық, біздің өңірдегі жалғыз, теңдесі жоқ Smart-орталық, бизнес-инкубатор, әскери кафедра, шексіз интернет, әлемдік ғылыми мәліметтер базасына тегін жазылу. Біздің студенттер осы және өзге де мүмкіндіктерге қол жеткізе алады.
2025 жылға қарай өңірлік көпсалалы университеттердің ұлттық рейтингінің ТОП-3-індегі университетке айналамыз және біз Қазақстанның солтүстігіндегі көшбасшы ЖОО-ны атанамыз. Өзіміздің инжинирингтік орталығымызда бүкіл ел үшін машина жасаушы мамандарды даярлап, инновациялық биотехнологиялық, педагогикалық, ақпараттық, маркетингтік зерттеулерді жалғастырамыз. Өңірдің бас бизнес-инкубаторы дәрежесін нығайтамыз. Ірі шетелдік университеттермен бірлесіп, қос диплом бағдарламаларын ұсынамыз.
Педагог болуға шешім қабылдадыңыз ба? Әлде биолог боласыз ба? Мүмкін IT мамандығын таңдарсыз? Заңгер, маркетолог? Әлде менеджер болғыңыз келеді ме?
Таңдау сізде! Келіңіз! Сіздің жетістігіңіз – біздің абыройымыз!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓