Шектеу және жеңілдік

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөнінде жедел штабтың кезекті отырысы өтті.
Жиында облыстық білім басқармасының басшысы, Жітіқара және Қарасу аудандарының әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, мониторингтік топтардың жұмысына шолу жасалды.
Айталық, мониторингтік топтар 2021 жылғы 1 қаңтар мен 6 наурыз аралығында 3 855 рейдтік іс-шара өткізіп, 358 карантиндік шараларды бұзу деректерін анықтаған.
Ал барлық енгізілген ұсыныстарды қарап шыққан штаб 2021 жылғы 10 наурыздан бастап келесі жеңілдіктерді енгізу туралы шешім қабылдады:
– санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-5 сынып оқушыларын оқытудың аралас форматына көшуге рұқсат беру;
– Сауда-ойын орталықтары, сауда желілері, супермаркеттер, гипермаркеттер жұмысына уақыт шектеуінсіз және аптаның барлық күндері, ойын-сауық аймақтарынсыз рұқсат ету;
– жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс істеуіне уақыт бойынша және аптаның барлық күндері шектеусіз рұқсат ету;
– моншаға уақыт шектеуінсіз және аптаның барлық күндері жұмыс істеуге рұқсат беру.
– 2021 жылғы 13 наурыздан бастап 20% көрермендерді толтыра отырып, спорттық іс-шаралар өткізуге рұқсат ету.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓